Әлем • 19 Тамыз, 2017

Қытайда селден 10 адам қаза болды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданында толассыз жауған жауын салдарынан сел жүріп, 10 адам қаза тапты, 192,4 мың тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды ria.ru

Қытайда селден 10 адам қаза болды

Өңірдегі бірқатар аудандарда  жауын-шашын 12 тамыздан бері толастамай келеді. Жергілікті билік 11 мыңнан аса адамды қауіпсіз аймаққа көшірді.

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан көптеген құрылыс нысандарына зақым келген, кейбір елді мекендер электр қуатынсыз қалған.

Синоптиктердің болжамынша, өңірде жауын-шашын әлі бірнеше күн жаууы ықтимал.