Әлем • 19 Тамыз, 2017

Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті анықталды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның құқық қорғау органдары Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті – мароккалық Юнес Абуякубты іздестіруде, деп хабарлайды ria.ru

Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті анықталды

Бұған дейін тәртіп сақшылар лаңкестік шабуылды 17 жастағы Мусса Укабир жасады деп болжаған болатын. Алайда, Каталония құқық қорғау органдарының басшысы Хосеп Луис Траперо кеше кешкісін бұл болжамның екіталай екенін атап өтті. Жаңа деректер бойынша, Барселона орталығында жаяу жүргіншілерді жүк көлігімен басып өтті деген күдікпен Юнес Абуякуб іздестіріліп жатыр.

Жалпы, Барселонадағы лаңкестікті ұйымдастыруға шамамен 12 адамның қатысқаны анықталды. Оның бесеуі Камбрильс курортты қаласындағы қақтығыстан кейін полиция қолынан қаза тапты. Құқық қорғаушылар үшеуінің аты-жөнін анықтады. Олар: Мусса Укабир, Саид Алаа мен Мохаммед Хичами.

1995 жылғы Юнес Абуякубтың да террористік ұяшықтың өзге өкілдері секілді Жирона провинциясындағы Риполь каталондық муниципалитетінде тұрғаны анықталды.