Президент • 19 Тамыз, 2017

Президент «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Шортанды кентінде «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президент «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, өңірдің туристік әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Елбасы жаңа жобаның іске асырылуы отандық және шетелдік туристердің курорттық аймаққа қызығушылығын одан әрі арттыруға және келушілер санының көбеюіне септігін тигізетінін айтты.

– Біз Бурабайды Қазақстанның перспективалы туристік бағытының бірі ретінде дамытқымыз келеді. Бұл осы өңірге туристер мен спорт сүйер қауымды тарту мақсатымен жасалып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.