Үкімет • 19 Тамыз, 2017

Премьер қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС және «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС нысандарын аралап, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Премьер қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Орталық Азиядағы заманауи брондалған дөңгелекті машиналар шығаратын ең ірі кәсіпорын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ін аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа жаңа инновациялық технологиялар қолданумен шығарылатын өнімдердің үлгілері көрсетілді.

«Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» нысанында Үкімет басшысына электронды және электронды-оптикалық өнімдер өндірісі таныстырылды.