Аймақтар • 20 Тамыз, 2017

Астанада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтуде (фото)

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-20 тамыз күндері Астанада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған өңірдің шаруа қожалықтары мен қайта өңдеу кәсіпорындары 430 тоннадан астам өнім жіберді.

Астанада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтуде (фото)

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ЭКСПО-ға арналған  мерекелік жәрмеңкеге 100-ден астам кәсіпорын мен шаруа қожалығы қатысуда. Олардың ішінде, халыққа сапалы өнімдерімен танылып үлгерген «Рубиком» ЖШС, «Жана Роса» АҚ, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар – Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ШҚ, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС және басқалары бар. Астанаға 45 тонна ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 90 тонна көкөніс және 100 тоннадан аса ауылшаруашылығы өнімі жеткізіліп, саудалануда.

19 тамыз күні сағат 18:00-де және 20 тамыз сағат 11:00-де «Қазанат» ипподромында аударыспақ, теңге алу, қазақша күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, жамбы ату, тас көтеру сынды ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық-бұқаралық шаралар, сондай-ақ құсбегі және тазы көрмелері, сонымен қатар Павлодар облысының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді.

Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Фото: Валерий Бугаев