Медицина • 20 Тамыз, 2017

Бурабайда қайырымдылық велошеруі өтті

274 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

19 тамызда Щучье-бурабай шипажай аймағында «Асыл Мирас» қоры және Rixos Borovoe қонақ үйінің ұйымдастыруымен бесінші Charity Tour de Burabaу қайырымдылық велошеруі өтті.

Бурабайда қайырымдылық велошеруі өтті

Мерейтойлы велошеру көптеген көрсеткіштер жағынан рекорд орнатты. Биыл іс-шараға 1500-ден аса адам қатысып, олардың ішіндегі 718 қатысушы 30 шақырымға созылған жолды велосипедпен еңсеріп өтті. Жиналған қаржы сомасы 160 миллон теңгеге жетті.

Іс-шараның ашылуында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөзін сөйледі. «Charity Tour de Burabay Қазақстан Республикасында велосипед спортын дамытуға және дәріптеуге жағдай жасап, ем мен оңалтуға мұқтаж балаларға ерекше көңіл бөліп отыр», – деді министр.

«Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров ізгі бастаманың жүзеге асуына қолғабыс еткендердің барлығына алғысын білдірді. «Astana Pro Team» командасы бұл іс-шараны жылда кеңінен қолдап отыратынын атап өту қажет.

Charity Tour de Burabay идеясына бастама берген бизнесмен, меценат және «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының негізін салушы Болат Өтемұратов велошеруді ары қарай да өткізуге ниетті екенін жеткізді. Ол алдағы жылдары іс-шараның ауқымы кеңейіп, көптеген балалар көмекке қол жеткізетініне үміт білдірді.

Бес жыл ішінде жиналған қаржы сомасы 14 есеге артып, 463,5 миллион теңгені құрады. Ал қатысушылардың саны 7 есе өсті. 2017 жылы аукционнан 102 900 000 теңге, балалардың суреттер жәрмеңкесінен 684 000 теңге жиналды. Жеке және корпоративтік жарналар 30 416 000 теңгеден асып, меценаттардың жанашырлық жәрдемі 26 000 000 теңгеге жетті.

«Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры жиналған қаржыға Петропавл қаласындағы облыстық балалар ауруханасына, Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталдық орталыққа, Орал қаласындағы облыстық балалар көпбейінді ауруханасына, Ақтөбе қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына, сондай-ақ Орал қаласындағы батысқазақстандық мүгедек балалардың «Бәйтерек» облыстық қоғамдық бірлестігіне арнап медициналық жабдықтар сатып алады.