Бокс • 20 Тамыз, 2017

Әли Ахмедов жастар арасында WBC титулын жеңіп алды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әли Ахмедов АҚШ-тың Остин қаласында кәсіпқой бокстағы 8-ші кездесуін өткізді, деп хабарлайды prosport.kz

Әли Ахмедов жастар арасында WBC титулын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы америкалық Кертис Хиллмен жұдырықтасты. Қос боксшының да бұрын-соңды жеңіліп көрмегенін айта кеткен жөн.

Он раундқа жоспарланған жекпе-жектің төртінші раундында Әли қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша, отандасымыз жастар арасында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын жеңіп алды.

Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның алтауын нокаутпен аяқтаған.