Бокс • 20 Тамыз, 2017

Қанат Исламның жекпе-жегіне Канада мен Қытайдан 5 мың адам келмек

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 қыркүйекте Астанада өтетін Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың жекпе-жегіне Қытайдағы және Канададағы жанкүйерлер 5 мың орынға тапсырыс берген. Бұл туралы «Qazaq promotions» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

Қанат Исламның жекпе-жегіне Канада мен Қытайдан 5 мың адам келмек

«Билеттер қазір өте жақсы сатылып жатыр. Қытайдағы жанкүйерлер 3 мың, канадалықтар 2 мың билет сұратып отыр. Қонақтарды күту үшін әлі де дайындық жұмыстары жүріп жатыр. «Сарыарқа» велотрегі жалпы 11 мың адамға арналған. Шетелдік БАҚ өкілдері де кездесу кешіне қызығушылық танытып отыр», – дейді «Qazaq promotions» компаниясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук кездеседі.