Президент • 21 Тамыз, 2017

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өңірлердің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы талқыланды

321 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өңірлердің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы және мемлекеттік бағдарламалардың іске асыры­луы жөнінде кеңес өтті. Ке­ңеске Парламент Сенатының Төрағасы, Премьер-Министр және оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігінің Басшысы және оның орынбасарлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ орта­лық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өңірлердің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы талқыланды

Отырыс барысында мем­ле­кет­тік даму бағдар­ла­ма­ла­рын іс­ке асыру, рухани жаңғыру мә­селелері талқыланып, өңір­лер­­дің әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық жағдайы туралы есептер тың­далды. Алғашқы сөз Премьер-Мини­стр­дің бірінші орынбасары Ас­қар Маминге берілді. Ол «Нұр­лы жол», «Нұрлы жер», Индус­трия­лық-инновациялық даму, Нәт­иже­лі жұмыспен қамтуды және жап­­пай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есеп берді.

Қазақстан Президенті Пре­мь­­ер-Министрдің бірінші орын­ба­сарының баяндамасын тың­дап, Үкімет тарапынан мән бе­ру­­ді қажет ететін мем­ле­кет­тік бағ­дар­­ламалардың жеке­ле­ген ин­дикаторлары мен көр­сет­кіш­теріне тоқталды. «Соңғы 2 жыл бойы «Арнайы экономикалық аймақ аумағында тауарлар өндіру мен көрсетілетін қызметтер көлемі» көрсеткіші орын­­далмай отыр. «Нұрлы жер» бағ­дар­ламасы халыққа арзан­д­а­тылған ипотекалық несие жә­не құ­рылыс салушыларға жеңіл­дік­пен несие беру мүмкіндіктерін қарастырады», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев

Сонымен қатар, Елбасы ши­кі­­­заттық емес экспорт және Ин­­дус­трияландыру картасы ая­сын­да­ғы жобаларды іске асыру­мен бай­ланысты мәселелерге Ин­вес­тициялар және даму министрі Ж.Қасымбектің назарын аударды.Сондай-ақ, Мемлекет басшы­сы нәтижелі жұмыспен қам­ту бағ­дар­ламасын іске асыру мә­се­лелері мен атаулы әлеуметтік кө­­мек көр­сетудің тетіктеріне тоқ­талды. Күн тәртібіндегі бұл мәселені тал­қылау аяқталған соң, агро­өнер­кәсіп кешенін дамыту бағ­дар­ламасының іске асырылуы ту­ралы Премьер-Министрдің орын­басары Асқар Мырзахметов ба­яндады.
Нұрсұлтан Назарбаев А. Мырзах­метов келтірген мә­лі­мет­терді назарға алып, проб­ле­ма­лық агрохолдингтерге қа­тыс­ты Үкі­мет­­тің қабылдап жат­қан шаралары және егін ору жұ­мыстарына дай­ындық нә­ти­желері жөнінде сұ­рады. Бұдан бөлек, кеңесте «Бо­лашақ­қа­ бағдар: рухани жаң­ғы­ру» бағ­дар­ла­масын іс­ке асыру мә­се­лесі бойын­ша Пре­зидент Әкім­шілігі Бас­шы­сы­­ның бірінші орын­басары Марат Тәжиннің жә­не еліміздегі цифр­лан­дыру мәселесі бойынша Ақпарат және ком­муникациялар министрі Дәурен Абаевтың есептері тыңдалды.

Сонымен бірге, күн тәртібіне сәй­кес, өңірлерді дамыту мәселелері тал­қы­ланды. Алғашқы болып Астана қал­асының әкімі Ә.Исекешев сөз сөйледі. Қазақстан Президенті елордадағы кө­лік жүктемесінің проблемалары­на, балабақша мен мектептерде орын­дар­дың жетіспеушілігіне назар аударды.
Ә.Исекешевтен кейін сөз Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке берілді. Мемлекет басшысы қаланың экономикасына шағын және орта биз­несті тарту, сондай-ақ инфрақұрылым са­лу үшін жер мен баспана алу үдерісіне қатысты мәселелерге тоқ­талды. Бұдан соң Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев ауыл ша­руа­шы­лығы өнімдерін қай­та өндіретін кәсіп­орындар жүк­те­ме­лерінің төмен екенін айтып, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өңірдің туристік кластерін дамытуға қаражат қарастыруды тапсырды.

Елбасы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың баяндамасын талқылау барысында кеңеске қатысып отырған облыс басшыларына бірқатар әлеуметтік және экономикалық жобаларды іске асыруда осы өңірдің тәжі­ри­бесін қолдануды ұсынды. Алматы облысының дамуы жөнін­де өңір әкімі Амандық Баталов баян­дады. Қазақстан Президенті Ала­көл­дің туристік инфрақұрылымын да­мытудың маңыздылығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Атырау об­лы­сының әкімі Нұрлан Ноғаевтың есе­­бін тыңдап, Батыс Қазақстан облы­­сы­ның әкімі Алтай Көлгіновке сөз берді.
Мемлекет басшысы облыста инвестиция көлемінің 21%-ға төмендегенін айтып, өңірге инвесторлар тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру қа­жет екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Қарашығанақ санитарлық-қорғау ай­мағын кеңейтуге байланысты Бе­резовка ауылының тұрғындарын уақ­­­тылы әрі толық көшіру мәселесі тал­қыланды.

Одан кейін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың есебі тың­далды. Қазақстан Президенті облыстағы шағын және орта бизнес өнімі көлемінің төмендегеніне тоқ­та­лып, тұрақты нәтижелі жұмыспен қа­мтуды арттырудың маңыздылығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасаған Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа Қаражал, Жәйрем кенттерінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды. Елбасы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің баяндамасын талқылау барысында өңірдегі бала өлімі проблемаларына назар аударды.
Сондай-ақ, Қызылорда облы­сының әкімі Қырымбек Көшер­баев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Павлодар облы­сының әкімі Болат Бақауов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев облыс­тар­дың, Астана және Алматы қала­ла­ры әкімдерінің баяндамалары мен есептерін тыңдап, отырысты қоры­тын­дылады. Сонымен қатар, елі­міз­ді және өңірлерді дамыту бағ­дар­ламаларын іске асыру жөнінде бір­қатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасын орындау тұрғысынан облыстардағы автомобиль жолдары мен әлеуметтік нысандар құрылысының қарқыны төмен екенін атап өтті. "Биыл 109 білім беру нысаны құрылысына 70 миллиард теңге бөлініп, оның 70-сін осы жылы пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінде тек 7 мектеп пен 2 балабақша пайдалануға берілді. Жоспарланған білім беру нысандарының көп бөлігі Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарына тиесілі. Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне жос­пар­ланған барлық нысандарды уақ­ты­лы қол­данысқа енгізу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын", деді Қазақстан Президенті.

Елбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғындардың көп бөлігінің хабарсыз екенін және оған банктердің қатысу белсенділігінің төмендігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев индус­трия­лық-инновациялық даму бағдар­ламасының іске асырылуының аралық қорытындысын жасады, сондай-ақ экономикамызды цифрландырып, өндіріске жаңа технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы бәсекеге қабілетті экспорттық өнді­ріс­ті дамытудың маңыздылығына назар аударып, экспорттық стратегия-
ны уақтылы іске асыру қажет екенін айтты.

«Индустрияландыру аясындағы басты мәселе – инвестиция тарту. Инвесторлар әлі де әкімшілік кедергілерге тап болуда. Әкімдер өңірлердегі өз жұмыстарын қайта қарап, белсенді қимылдауы тиіс», деді Қазақстан Президенті. Елбасы инвесторлар тартуда Жекешелендіру жоспарын іс­ке асырудың тиімді екенін айтып, Қазақстанның ірі компания­ла­рын мемлекетке мейлінше пайда түсірмейінше, акцияларын асы­ғыс­тық­пен сатпауға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігін арттыру қажеттігіне назар аударып, әкімдерге өңірлерде тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биыл жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 37 миллиард теңге бөлінгеніне қа­ра­мас­тан, шағын несие беру жұмыс­та­рының баяу жүргізіліп отырғанын атап өтті. Қазақстан Президенті Үкімет пен әкімдерге ахуалды терең зерттеп, агрохолдингтердің қарызына байланысты мәселелерді шешу жөнінде нақты шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Елбасы егін шаруашылығын сақ­тан­дыруды одан әрі дамыту, соның ішін­де өзара сақтандыру қо­ғам­да­ры­ның жұмысын реттеу жө­нін­де шаралар қабылдаудың ма­ңыз­дылығын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселесіне ерекше тоқталып, онда көрсетілген барлық міндеттің жалпымемлекеттік маңызы бар екенін атап өтті. «Қоғамымыз жаңғырудың бұл бағытын жылы қабылдады. Бұл ретте, осы жұмыстарға барша жұртты тарту қажет. Әкімдер бағдарламаның іске асырылуына жауапты екенін ұмытпауы керек», деді Қазақстан Президенті.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар