Парламент • 21 Тамыз, 2017

Сенат Төрағасының орынбасары СҚО прокурорларымен кездесті

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен сенатор Ерік Сұлтанов аймақтарға сапар аясында Солтүстік Қазақстан облыстық және Петропавл қаласы прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитет басқармасының жеке құрамымен кездесті.

Сенат Төрағасының орынбасары СҚО прокурорларымен кездесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы Парламент қабылдаған заңдардың негізгі ережелері туралы айтылды. Сенаторлар прокуратура ұжымын заң шығару жұмыстары туралы хабардар етіп, облыс прокуратурасының мұражайында болды, қадағалаушы органның жұмысымен танысты.

Кездесу соңында Б.Бекназаров прокуратура ұжымын қабылданған құқықтық актілерді талқылауға белсенді қатысуға шақырды.