EXPO-2017 аяқталуына 20 күн қалды

Міне, төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған ару Астанада адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірі – ЭКСПО халықаралық көрмесінің жалауы желбірегеніне 73 күн болыпты.
Егемен Қазақстан
22.08.2017 1723
2

Халықаралық көрмелер бюросының бекіткен тәртібі бойынша «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге белгіленген 

93 күннің 73 күні өте шықты. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақталды ма, бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017»-нің алар орны қандай деген сұрақтарға алдын-ала жауап іздеуіміз де заңды.   

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­станның жаңа дәуірінің алғашқы күні» атты мақаласында «ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сін Астанада өткізу туралы қабыл­дан­ған шешім бұл саммиттен де аса зор ірі оқиғаға айналды. Біз әлі осы жеңі­сіміздің аса зор маңызын сезініп болған жоқпыз. Көрме өтетін елді шын мәнінде бүкіл әлем таңдады. Қазақстан айқын басымдық­пен жеңіске жетті. Бұл – бүкіл плане­таның тануы мен сенімі», деп атап көрсетті. «Бұл – бүкіл планетаның тануы мен сенімі», қандай көрегендікпен айтылған дәл тұжырым. Көрме жұмысының өткен екі айының қорытындысы бойынша, мұнда әлемнің 106 мемлекетінің жоғары лауазымды қонақтары келіпті. Оның ішінде 19 мемлекет басшысы, 16 премьер-министр мен олардың орынбасарлары, 11 парламент жетекшілері мен олардың орынбасарлары, 60 министр мен олардың орынбасарлары бар. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өткізілетін үш ай мерзімде көрмеге 2 миллион адам келеді деп жоспарланса, қазірдің өзінде көрме көрер­мендерінің саны 2,5 миллион адамнан асып жығылды. 

ЭКСПО бүкіләлемдік жетіс­тік­тер көрмесі өзінің 166 жыл­дық тарихында өркениет шежіресіне алтын әріптермен жазыл­ған сәулет өнерінің небір жау­һарларын қалдырды. Олар­дың ішіндегі Лондондағы Хрус­таль сарайы, Париждегі Эй­фель мұнарасы, Александр ІІІ көпі­рі, Лион вокзалы, Венадағы Ротон­да − әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон, Мельбурн­дегі патшалық көрме павильоны нақ осындай мәңгілік өнер ес­керткіштері болып табылады. 

Ару Астананың әсем архи­­­те­к­­туралық салтанатына сән болып қо­сылған көрме қалашы­ғындағы – шар тәріздес Қазақ­станның ұлттық пави­льоны­ның ғимараты (сфера) осы әлем ғажайыптарының санатына қосылатын ЭКСПО-2017 көр­ме­сінің мұрасы болып табылады. Бүгінде сегіз қабаттан тұра­тын бұл сәулет өнерінің озық ны­санында жаңғырмалы қуат көз­дерінің жа­һандық техноло­гия­ларының небір озық үлгілері көрініс табуда. Жер-жерден келген туристерді де Қа­зақстанның осы ұлттық павильоны ерек­ше қызықтыруда. Күні бүгінге дейін «Нұр Әлемді» 900 мыңға тарта ту­рист тамашалаған екен. Көр­ме жұмы­сы аяқталғанға дейін бұл пави­льонға келетін турис­тер саны 1 миллионнан асып жы­ғы­лады деп межеленген. 
Жақында Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдап, 15 тамызға дейін атқарылған жұмыс қорытындыларымен танысты. Елбасы халықаралық көрмені өткізу елорданы және жалпы ел экономикасын дамытуға мультипликативтік жоғары әсер бергенін ерекше атап өтті. «ЭКСПО көрмесі экономиканың барлық секторының дамуына серпін берді. Қонақүйлер мен көпшілік тамақтанатын орындарда туристер саны артты. Сол себепті елорда бюджетіне қосымша қаражат түсіп отыр. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Қазақстанның 196 компаниясы көрме кешенінің құрылысына қатысты. Бұл 200 мыңға жуық адамды қамтыды. Қазір көрме қызметін қамтамасыз ететін 21 мыңдай адам жұмыс істеуде», деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Иә, бұл ұлттық жоба әлемдік экономикалық дағдарыс белең алған күрделі кезеңде жүзеге асырылды. Елбасының бастамасымен бұл жоба шын мәніндегі дағдарысқа қарсы бағдарламаға айналды. Көрмеге дайындыққа және оның құрылысын жүргізуге еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам отандық кәсіпорын жұмылдырылды. ЭКСПО-2017 ұлт­тық жобасы аясында 50 мың жұмыс орынын ашуға және сақ­­тауға мүмкіндік жасалды. ЭКС­ПО құрылысын жүргізу кезін­де отандық компаниялар жалпы сомасы 500 миллиард тең­геден астам жұмыс және қызмет көрсету көлемін атқарған екен. 

Елордада жоғары ұйымшыл­дық­пен өтіп жатқан көрме шара­лары аясында келетін қонақтарға жоғары дәрежеде қалтқысыз қыз­мет көрсету мәселелері де жан-жақты ойластырылды. Астана халық­аралық әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысы аяқ­та­лып, әуежайдың жолаушы­ларды өткізу мүмкіндігі қазір 7,6 миллион адамға артты. Со­нымен бірге, жылына 9 миллион жолаушыға жоғары сапалы қызмет көрсететін жаңа темір жол вокзалы да ел игі­лігіне берілді. Бүгінде елордада 180-нен астам қонақүй мен 40-қа тарта хостел жұмыс істейді. 2017 жылғы бірінші жарты­жыл­дықтың қорытындысы бойынша халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін шағын және орта кә­сіп­орындардың табысы еселей артты. Биылғы жылдың бірінші тоқ­санында тек қонақүйлер мен қо­ғамдық тамақтандыру орын­дарының ғана табысы рекорд­тық 17,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл 2016 жылғы сәйкес мерзім­нің көрсеткішінен 2 еседен ас­там жоғары. Осы мерзім ішінде ірі мейрамханалар мен қонақүй­лердің түсірген табысы 14,9 миллиард теңгені құрап, 29,3 пайызға өсті. Өз кезегінде бұл табыстар ел бюджетіне қомақты пайда әкелді. 

Туризм саласы экономиканы дамытудың табысты көздерінің бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибеде экономикасын тек туризммен ғана гүлдендіріп отыр­ған елдер баршылық. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Қа­зақстанды туристік әлемге жаңа қырынан танытатын жаһан­дық шара болғандығы дау­сыз. Қазақстандағы 9 мыңнан аса археологиялық және тарихи мұралар, 118 айрықша қор­ға­латын табиғи аумақтар, олар­дың ішіндегі ұлттық табиғи парк­тер осы көрме арқасында әлем туристерін қызықтыратын орта­лықтарға айналды. Елордада өтетін көрмеге келетін туристер­ге Қазақстанды барынша кеңі­нен таныстыру мақсатында еліміздің әртүрлі аймақ­тарына 73 туристік бағыт ашыл­ды. Осы туристік бағыттар шең­берінде 12 ұлттық табиғи парк­терге туристер апарылуда. ЭКСПО-2017 көрмесіне кел­ген қонақтар еліміздің Ша­рын, Бурабай, Қарқаралы, Бая­н­ауыл сияқты ғажайып өңір­лерін­де болып, ЮНЕСКО-ның бүкіл­әлемдік мұрасының тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, «Таңбалы тастағы» жартасқа салынған суреттерді, «Байқоңыр» ғарыш айлағын тамашалауда.  

Иә, елімізде ЭКСПО-2017 көр­ме­сін өткізу экономикамызды дамытуға оң серпін берді. Ең бас­тысы, елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің қазірдің өзінде жа­һан­дық энергетикалық төңкерістің озық технологиялары паш етіл­ген тарихи алаңға айналғаны ақи­қат. Адамзат үшін әрі мол, әрі ар­зан энергетика көзін ашатын бұл төңкеріс ЭКСПО-2017 көрме­сінің павильондарындағы озық жобалар мен жаңа технологиялар түрінде Астанадан бастау алды. Ендігі мақсат елімізге өз аяғымен келген жаһандық жаңғырмалы энергетика саласының тың технологияларын ел игілігіне, ертеңгі ұрпақ ырыздығына жарата білу.   

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу