Футбол • 22 Тамыз, 2017

Скотт Браун: «Астананы» қалайда жеңуіміз керек

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Селтик» командасының капитаны Скотт Браун «Астанаға» қарсы ойынның қиын болатынын мәлімдеді.

Скотт Браун: «Астананы» қалайда жеңуіміз керек

– Ертеңгі матч Глазгода өткен ойындай жеңіл болады деп ойлайсыз ба?

– Негізі алғашқы ойын бізге оңай болды деп айта алмаймын. Бірақ жақсы нәтижеге қол жеткізгеніміз анық. Ертең де жеңіске жеткіміз келеді. Бұл біздің қолымыздан келеді деп үміттенемін.

– Глазгода өткен ойынның алдында команданың аздап қобалжығаны анық. Бұл жолы...?

– «Астананың» деңгейін жақсы білеміз. Осал қарсылас емес. Сондықтан барынша жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамыз.

– «Селтик» өткен жылмен салыстырғанда күшейді деп ойлайсыз ба?

– Команданың негізі қалды. Бірақ ойынымыздың аздап өзгергені рас. Алда бізді көптеген матчтар күтіп тұр. Біз бәрінде жеңіске жетуіміз керек.

– «Астананың» орталық жартылай қорғанысын қалай бағалар едіңіз?

– «Астана» Глазгода жақсы өнер көрсеткен болатын. Бізді жиі қысымға алды. Жартылай қорғанысқа қажетті футболшылардың жиналғаны көрініп тұр.

– Өткен жылы «Селтик» «Астанадан» әрең өткен болатын. Бірақ биыл алғашқы ойынның өзі-ақ басқа бағытта өрбіді.

– Біздің дайындығымыз жақсырақ болды. Қарсыласымызды алдын ала зерттеп, шабуылды өткізудің түрлі жолдарын қарастырдық.

– Ертең «Астана» бұрын-соңды болмаған ғажайыпты жасап, Чемпиондар лигасының тарихын жаңартар болса, «Селтиктің» күйі не болмақ?

– Білмедім...

– Глазгодағы ойында Патрик Твумасимен бірнеше рет жеке шықтыңыз. Кей тұстарында ұрысқа да бардыңыз. Бұл матч алдында берілген тапсырма ма?

– Қарсыласымыз шабуылға шыққанда, ең басты мақсатымыз – оны тоқтату. Кей сәттерде мен одан мықтырақ ойнап, ашуына тиген кездерім болды.

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар