Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде үш нысан биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Басқарма басшысының баяндауынша, жергілікті бюджет есебінен 8 нысанның құрылысына және 24 тұрғын үйге ЖСҚ дайындауға 1,05 млрд. теңге бөлінген.

Облыс бойынша 24 тұрғын үйдің ЖСҚ дайындауға 247,088 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді.

Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға 7,91 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде:

Ұлттық қор есебінен – 1,55 млрд. теңге;

Республикалық бюджет есебінен – 4,32 млрд. теңге;

Жергілікті бюджет есебінен – 2,03 млрд. теңге;

Облыстық бюджет есебінен 19 инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін ЖСҚ дайындауға 191,88 млн. теңге бөлінді.

– Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 11 құрылыс нысанды бастауға және 1 нысанды аяқтауға, сонымен қатар 13 ЖСҚ әзірлеуіне республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2,99 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде:

республикалық бюджеттен 7 нысан сумен қамтамасыз етуге және 1 нысан кәріз жүргізуге 1,52 млрд.теңге (ОБ – 815,08 млн.теңге) бөлінді.

облыстық бюджеттен 3 сумен қамтамасыз ету нысандары мен 1 нысанды аяқтауға және 13 ЖСҚ-ды әзірлеу мен түзетуіне – 650,7 млн.теңге бөлінді, - деп сөзін қорытындылады Әділет Бегалыұлы.