Медицина • 23 Тамыз, 2017

Астанада Индустриаландыру картасы аясында 3 мың адам жұмысқа орналасты

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2010 жылдан бастап Индустриаландыру картасы аясында Астанада 24 жоба іске асырылды, деп хабарлады қала әкімдігі медиа орталығының тілшісіне Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Рашитов.

Астанада Индустриаландыру картасы аясында 3 мың адам жұмысқа орналасты

«Индустриаландыру картасы аясында 2010-2016 жылдар аралығында Астанада жалпы сомасы 232,6 млрд теңгеге 24 жоба іске асырылды. Соның арқасында шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды», – деді бөлім басшысы.

Сонымен бірге, Индустриаландыру картасы аясында өндірістік өнімнің көлемі ағымдағы жылдың 7 айында 22,3 млрд теңгеге немесе 2016 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе артып, 111,3 млрд теңгені құрады. Ведомство мәліметтері бойынша жобалардың жүктемесі орташа есеппен алғанда 78 пайызды құрайды.