Аймақтар • 23 Тамыз, 2017

ОҚО прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды (видео)

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Бұл жаңалық еліміздегі жаңадан қабылданған «Прокуратура туралы» Заңына байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат

ОҚО прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды (видео)

Аталған Заңға сәйкес прокуратура органдарының құзыретіне және өтініштерді қарау тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді жаңадан ашылған орталықта прокурорлар сотқа дейінгі қылмыстық процестің, атқарушылық өндірістің заңдылығын, қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау салалары бойынша қабылдау жүргізеді. Заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған ғимаратта ұжымдық өтініш иелерін қабылдауға арналған 30 күту орны бар. Онда қадағалау органы өкілдері азаматтарды қабылдап, прокуратура органдарының өкілеттілігі шеңберіндегі құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Прокуратура басшыларының жеке қабылдауына да жазылуға болады.

Сондай-ақ азаматтардың өздерінің бұрын жазған өтініштерінің қаралу барысы туралы ақпарат пен жауап көшірмелерін алуға мүмкіндіктері бар. Яғни, орталықта облыс тұрғындары қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру бойынша кәсіби заңнамалық көмек ала алады.

Сонымен бірге, облыс әкімінің қолдауымен ағымдағы жылы прокуратура ғимаратында «Құқық қорғау қызметтер орталығы» құрылуда. Бұл құқық қорғау және заңдылықты қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен өтініштерді қараудың жүйелі тәсілін қамтамасыз етеді деп күтілуде. Заңды және әлеуметтік-ақтау қызметін бір жерде көрсету арқылы жүзеге асырылатын болады. Әлеуметтік шектеулі тұрғындарға нотариус, қорғаушы, психолог және медиаторлар тегін заңды көмек көрсетеді.