Дзюдодан қыздар арасында Қазақстан намысын қорғап келе жатқан Отгонцэцэг Галбадрах жазғы универсиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
48 келі салмақтағы аруымыз 1/8 финалда жапон қызы Умекита Майдан жеңіліп қалған еді. Бұдан кейін бірінші жұбаныш белдесуінде Галбадрах австриялық Мара Крафтан айласын асырды. Екінші белдесуінде ол француз дзюдошысы Джессика Марин Анриді ұтып, үшінші белбесуінде польшалық Йоанна Станкевичті жеңді. Ал қола жүлде үшін өткен кездесуде Мария Персидскаядан басым түсіп, Қазақстан қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды.