Қазақстан • 23 Тамыз, 2017

Астанада генерал Панфиловтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

792 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанадағы Мәскеу күндері аясында «Жерұйық» саябағында Кеңес одағының батыры, генерал И.В. Панфиловтың ескерткішіне және «28 панфиловшы» монументіне гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада генерал Панфиловтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

Мәскеулік делегацияны Мәскеу Үкіметінің министрі, қалалық сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин басқарды. Панфиловшыларға құрмет көрсетіп, рухына тағзым етуге келгендердің қатарында Мәскеу мемлекеттік думасының депутаттары, халықаралық және өңіраралық қатынастар ведомствосының басшылары, сондай-ақ ТМД елдері бойынша өзара әрекет жөніндегі мамандар бар.

Шараға Астана әкімдігі тарапынан «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсенбаев, Сыртқы саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов және Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин қатысты.

Тараптар шараның маңыздылығын атап өтіп, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.