Жеңіл атлетика • 25 Тамыз, 2017

Ольга Рыпакова 2017 жылғы «Гауһар лиганың» жеңімпазы атанды

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Швейцарияның Цюрих қаласындағы «Летцигрунд» стадионында өткен 2017 жылғы «Гауһар лиганың» бірінші финалдық кезеңінде қазақстандық Ольга Рыпакова чемпион атанды, деп хабарлайды kazathletics.kz сайты.

Ольга Рыпакова 2017 жылғы «Гауһар лиганың» жеңімпазы атанды

Цюрихтегі финалдық кезеңде Ольга Рыпаковадан бөлек, жақында ғана Лондонда әлем чемпионы атанған Юлимар Рохас (Венесуэла), Рио Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы Катрин Ибаргуэн (Колумбия), 2014 жылы жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Кимберли Уильямс (Ямайка), 2016 жылғы Еуропа чемпионы Патрисия Мамона (Португалия), 2015 жылғы Еуропа ойындарының жеңімпазы Анна Князева-Миненко (Израиль), 23 жасқа дейінгі  2017 жылғы Еуропа чемпионы  Елена-Андреа Пантуриу (Румыния), Универсиада ойындарының жүлдегері Анна Ягачак (Польша) қатысты.

Жерлесіміз Ольга Рыпакова осы маусымда алғаш рет Юлимар Рохас пен Катерине Ибаргуэнді басып озып, «Гаухар лиганың» чемпионы атанды. 2012 жылғы Олимпиада чемпионы 14,55 метрге секірді. Әлем чемпионы Юлимар Рохас 14,52 метрмен екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштікке 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы 14 48 колумбиялық Ибаргуэн бар.

Биылғы жылы үш қарғып секіру сайысы Рим, Рабат, Монако және Бирменгем қалаларындағы кезеңдерде болды. Финалда іріктеу кезеңіндегі ұпайлар ескерілмейді Әрбір сайыс бойынша жеңімпаз атанған спортшы 50 мың АҚШ долларына ие болады. Бүгінгі жеңісінің арқасында қазақстандық спортшы осындай қомақты қаржыға қол жеткізді.   

24 тамыз. «Гауһар лига». Цюрих. 

Үш қарғып секіру (әйелдер), финал: 

1.     Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14,55 м 

2.     Юлимар Рохас (Венесуэла) – 14,52 м 

3.     Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 14,48 м