Парламент • 25 Тамыз, 2017

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарын қабылдады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының 62-ші конференциясына қатысу үшін Қазақстанға келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану жөніндегі мәртебелі өкіл Идзуми Накамицуды қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарын қабылдады

Парламент жоғарғы Палатасының басшысы БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі мәртебелі өкіл ретіндегі қаруды таратпау секілді күрделі салада оның табысты болуына тілектестігін білдірді.

Қ.Тоқаев бейбітшілік пен тұрақтылықты қол­дау­да, қауіпсіздіктің халық­аралық жүйесін нығай­туда БҰҰ маңызды құрал екенін атап өтті. Сенат Төрағасы Қа­зақ­­стан Қару­сыздану жө­ніндегі конфе­рен­ция­ның қызметіне зор ма­ңыз беретінін және оны қарусыздану, қаруды та­рат­пау және бақылау са­ла­сын­дағы көптарапты бір­ден-бір келіссөз алаңы ретінде қарастыратынын айтты.

И.Накамицу ядро­лық қарусыздану ісін­дегі Қа­зақстанның көшбас­шы­лығына жоғары баға беріп, осы тақырыптағы пікір­сайысқа ғалымдарды тарту­дың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың алдағы уа­­қыт­та ратификацияла­нуы мәселесін талқы­лады. Құжат ядролық қару­сыздану мәселелері жөнін­дегі соңғы 20 жылдағы  заң­ды түрдегі міндетті  құрал болып табылады және алдағы қыркүйек айын­­да қол қоюға ұсы­нылу жоспарланған.