ЭКСПО-2017 • 25 Тамыз, 2017

"Нұр Әлемнің" миллионыншы келушісі тіркелді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі еліміздің ұлттық павильонында миллионыншы келуші тіркелді, деп хабарлайды 24.kz.

"Нұр Әлемнің" миллионыншы келушісі тіркелді

Халықаралық шара басталғалы «Нұр Әлем» сферасы көрменің кісі көп жиылатын ең танымал нысаны саналады. Күн сайын мұнда 10 мыңнан 28 мыңға дейін адам келеді екен. Ал, ашылған сәттен бері мұнда 50-ге жуық президент пен үкімет басшысы қонақ болыпты.

Айта кеткен жөн, «Нұр Әлем» – әлемдегі ең үлкен сфера пішінді ғимарат. Диаметрі 80 метр, ал биіктігі 100 метрге дейін жетеді. Халықаралық шара аяқталған соң бұл құрылыс «Болашақ музейіне» айналып, кейіннен туристік нысан ретінде қызметін жалғастырады.