Көкпардың корифейі – Әбілхан Дауылбаев

Аптаның алғашқы күні көкпардан Астанада жалауын көтерген әлем чемпионатының ашылу салтанаты кезінде сайыстың бәсін қыздыру үшін 11 мемлекеттің атынан жиналған 154 көкпаршыға қарагер атының белін қайыстырып тұрып бір ақсақал бата берді. Біздің көкейде «Бұл алып адам кім?» деген сұрақ тұнып қалды. Сөйтсек, еңгезердей ағамыз көкпардан КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев екен. Қолма-қол отыра қалып, әңгіме тиегін ағыттық.
Егемен Қазақстан
25.08.2017 16725
2

– Кеңес заманында, – деп бастады әңгімесін Әбілхан аға. – Одақ құрамындағы түркі тілдес халықтардың ұлттық спортын дамытуға шектеулі түрде көңіл бөлінді. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қыр­ғызстан, Түрікменстан, Әзер­байжан және Солтүстік Кавказ халықтары арасында сонау 70-жылдардан бастап, 1984 жылға дейін екі жылда бір рет, одан соң 1991 жылға дейін төрт жылда бір дүркін Бүкіл­одақтық ат спорты ойындары ұйымдастырылып, көкпардан КСРО чемпионаты өтіп тұрды.

– Әбеке, осы чемпио­нат­тарға сіз үзбей қатыстыңыз ба?

– Әрине, 1980 жылдан бас­тап Қазақстан көкпар құра­масының капитаны ретінде 1991 жылға дейін чемпионатқа үзбей қатысып, тоғыз дүркін КСРО чемпионы атағына қол жеткіздім. Және бір басын ашып айтар дүние, аталмыш жарысқа үзбей қатысқан менен басқа қазақ жоқ. Басқа көкпаршылар жыл сайын белгілі себеппен алмасып отырды.

– Көкпарға қалай келдіңіз?

– Ұмытпасам 1980 жылы Қазығұрт ауданы «Күйік» совхозында шопандар слеті өтіп, осы жиын үстінде обкомның бірінші хатшысы Асанбай Асқаров көкпаршылардың облыстық құрамасын жасақтауды тапсырды. Осы құрама сапына алындым. Кешікпей бізді ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Зай­нутдинов қабылдап, Бү­кіл­одақтық ат ойындары спартакиадасына қатысуға ұсыныс жасады. Өйткені, бұған дейін спартакиадада көкпардан тәжіктер 15 мәрте, өзбектер 8 мәрте, қырғыздар 2 мәрте КСРО чемпионы атанып, қазақтар жүлденің қарасын көре алмай, қапы қалып жүрген заман екен.

– Содан...

– Содан мен бас болып оңтүстікке танымал көкпаршылар Әбдіғаппар, Зұлпықар, Рахметолла, Тілеубек бәріміз атқа қондық. ХХІІІ Бүкілодақтық жарысқа жұтынып бардық. Ал­ғашқы сайыста бізге бұған дейін жан баласын бет қаратпай тұрған тәжіктер тап болды. «Тайлалап» ұрандаған тәжік шабандоздары қазақтарды қалпақпен ұрып аламыз деп ойлаған болуы керек, бірақ жағдай олай болмады. Оларды тасырлатып алаңнан айдап шықтық. Күллі Одақ аң-таң. Кешікпей қырғыздар да тәжіктің кебін киді. Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет қазақ шабандоздары 1980 жылы КСРО чемпионы атандық.

– Чемпиондық даңғыл осы­лай басталды деңіз...

– Иә. Келесі 1982 жылы жа­рыс Краснодар қаласында өтті. Медетбек, Әбдіғаппар, Зұл­пықар, Үсен, Төлеш, Сат­тар­хан, Ораз, Тілеубек және мен бар қазақ жігіттері екінші рет чемпион атандық. 1984 жылы үшінші дүркін жеңіс тұғырына көтерілдік. Бұл жетістік 1986 жылы тағы қайталанды. Бір жолы Әзербайжан құрамасымен болған сайыста менің үш қабыр­ғам сынып кетіп, жарыстан шеттетілдім. Біздің жігіттер фи­налда тәжіктермен ойнайтын болды. Мен жоқ, ойын барысы өзгеріп сала берді. Тәжіктер тықсырып барады. Сол тұста Меделбек: «Ей, Әбілхан, жа­ның бар болса, ортаға шық!» деп айғай салды. Сынған үш қабырғаны шандып таңып алып, алаңға атып шықтым. Тәжіктердің көбесі сөгіліп жүре берді. Осылай 1991-ге дейін Одақтың төрінде тоғыз дүркін топ жардық, қарағым.

– Жас кезіңізде даланың дода көкпарына да көп түс­тіңіз бе?

– Түстім.

– Соның ішінде ерекше есте қалғаны?

– 1979 жылы қасымда мық­ты шабандоз Медетбек бар қырғыз астық. Сол тартыста салымға тігілген бес жылқыны қатарынан ұтып алдым. Одан кейін еліміз тәуелсіздік алған жылдары оңтүстікте салымға машина тігіле бастады. Алғаш рет 1994 жылы мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген көкпарға «Жигули» қойылды. Ақыры алғашқы машинаны мен мініп кеттім.

 – Сіз елордада өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатын көріп отырсыз. Сайыстың сырттаны ретінде не айтасыз?

 – Қазақ «біткен іске сыншы көп» демей ме, шүкір, жақсы өтіп жатыр. Бұл елдіктің беделі мен берекесіне қажет дүние деп ойлаймын. Әрине, бұл сайыс­та баяғыдан көкпар тартып үйренген қазақ, қырғыздың кәсіби деңгейі биік екені бай­қалып тұр. Тәжік пен моңғол да жаман емес.

– Бұған дейін мұндай мәр­тебелі жарыстарда салым қазандыққа салынып келді. Қазір шеңберге шауып жатыр. Қайсысы дұрыс?

– Бірден айтайын, шеңбер дұрыс. Қазандық бұрын бол­маған, бертінде көрермен тарту үшін жасалған шоу емес пе? Негізі ұлттық спорт ойын­дарының ескі дәстүрін бұзбаған жөн деп ойлаймын.

– Бұл чемпионатта қай ел­дің командасы жеңіс тұ­ғы­рынан көрінеді деп ойлайсыз?

– Жеңіс тұғырына қайсы шығарын білмеймін, финалдық кездесу Қазақстан мен Қырғыз­стан командалары арасында өтері нақ. Өйткені, бұл екі команда көкпаршылары сайыс машығына әбден жаттыққан өздерінің аттарын мініп шықты. Басқа командалар кісінің атын мініп жүр. Естеріңде болсын, көкпаршы көкпарды тек өз атымен тартады. Ат пен адам үйлесу үшін аз дегенде екі ай керек. Атың мықты болса, ешкі түгілі тана тартуға болады.

Әңгімелескен

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу