Ауыр атлетика • 25 Тамыз, 2017

Бесінші күні бір күміс бұйырды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Тайпэйде өтіп жатқан ХХІХ Жазғы универсиаданың бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс медаль түсті.

Бесінші күні  бір күміс бұйырды

Ауыр атлетикадан 94 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Рүстем Сыбай екі жат­­­тығу қосындысында 382 кило (168+215) нәтиже көрсетіп, Уни­версиаданың күміс жүлдегері атанды. Бұл бәсекеде ресейлік зілтемірші Егор Климонов біздің атлеттен бір ғана кило артық көте­ріп, алтын медальды иеленіп кетті. Ал қола жүлде Таиландтың саң­лағы Сарат Сумпрадитке бұйырды. Оның нәтижесі – 381 кило.

Студент жастардың бүкіл­әлемдік спорттық жарысында жал­пыкомандалық есепте Оңтүстік Корея елінің атлеттері алдына жан салар емес. Кешегі күнгі кес­тедегі нәтиже бойын­ша, Корея құрамасының қоржы­нында 23 алтын, 14 күміс және 19 қола медаль (барлығы – 56) бар. Оларды өкшелеп келе жатқан Жапония құрамасы 17 алтын, 11 күміс және 17 қола жүлде (45) жеңіп алды. Ал бұған дейін үшінші орында тұрған Тайвань құрамасын Ресей елінің сту­денттері басып озды. Қазір Ресей құрамасының еншісінде 12 алтын, 16 күміс және 24 қола медаль (52) бар.

Қазақстанның спортшы сту­денттері әзірге 3 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлдемен тоғы­зыншы орында тұр.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»