Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінде бас әскери ведомствоның басшысы Сәкен Жасұзақов пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Юрий Хачатуровтың кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Ауғанстандағы ахуал талқыланды. Сондай-ақ тараптар ҰҚШҰ-ның әскери құрамдауышын одан әрі тиімді дамыту және 2018 жылы Қазақстанның Ұйымға төрағалығы мәселелері бойынша пікір алмасты.

 

Соңғы жаңалықтар