Әлем • 25 Тамыз, 2017

СІМ Грузияда Қазақстан азаматының кінәсінен болған жол-көлік оқиғасына қатысты түсінік берді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Грузияда Қазақстан азаматының кінәсінен болған жол-көлік апатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


СІМ Грузияда Қазақстан азаматының кінәсінен болған жол-көлік оқиғасына қатысты түсінік берді

«Жол апатына байланысты Қазақстан азаматының қамауға алынғаны туралы Грузия сыртқы істер министрлігінен ресми хабар келген жоқ. Сондықтан, жол-көлік апатына біздің отандасымыз кінәлі болғанын растай алмаймын», деді Әнуар Жайнақов.

Айта кетейік, Грузияда Қазақстан азаматы жүргізіп келе жатқан жүк көлігі жол апатына ұшырады. Апатқа көлік тіркемесінің ажырап кетуі себеп болған. Салдарынан 5 адам опат болды, олардың арасында кішкентай қыз бала мен жүкті әйел бар. Қаза тапқандардың барлығы бір отбасының мүшесі болған. Аталмыш жанұяның тағы бір мүшесі аман қалды, ол ауруханаға жеткізілді. Қазақстан азаматы қамауға алынды.