Футбол • 25 Тамыз, 2017

«Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыластары белгілі болды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеребе тартылды. Салтанатты кеш Монакода өтті.

 

«Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстан атынан «Астана» командасы сынға түседі. Жеребе қорытындысы бойынша елордалық ұжым «А» тобына түсті. Мұнда жерлестеріміз «Вильярреал» (Испания) «Маккаби» (Тель-Авив), «Славия» (Прага) секілді командалармен кездесетін болады.

Айта кетейік, Испанияның "Вильярреал" командасымен 2014 жылы Еуропа лигасының бірінші іріктеу сынында кездескен болатын. Алайда, тәжірибесі аз елордалық клуб қос кездесудің қорытындысы бойынша 0:7 есебімен есе жіберген.

Еуропа лигасының алғашқы ойыны 14 қыркүйекке жоспарланып отыр.