Президент • 26 Тамыз, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге биылғы 25 тамызда Краснодар өңірінде жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустағы көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау мен ниеттестігімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.