Жеңіл атлетика • 27 Тамыз, 2017

Астанада халықаралық марафон басталды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің халықаралық марафоны басталды.

Астанада халықаралық марафон басталды

Марафонның ашылу салтанатында Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада бірінші рет ұйымдастырылып отырған марафонды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдірді. Ал Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Алимов барлығына сəттілік тіледі. 

Халықаралық жарысқа қатысуға 5100-ден астам адам келген. Бүгін марафоншылар 2017 метр, 10 км жəне 42 км 195 метрге жүгіреді. 

Халықаралық марафонға қатысуға ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, әйгілі спортшылар Жақсылық Үшкемпіров, Серік Сәпиев, Бахтияр Артаев, Қанат Ислам, Александр Винокуров т.с.с. келген.