Әлеуметтік жаңғырту әлеуеті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бәсекелестікті дамыту, сапалы еңбек ресурстарын қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жаңа жағдайға қарай бейімделуге байланысты бірқатар маңызды тапсырмалар жүктелгені белгілі. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де бірталай істі қолға алыпты. Вице-министр Светлана ЖАҚЫПОВА төменде осы жөнінде әңгімелейді. 

Егемен Қазақстан
28.08.2017 3519
2

– Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың бастамасымен экономикалық және қоғамдық сананы жаңғыртуды мұрат еткен Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы іске асырылып жатқаны белгілі. Бұл міндеттердің қатарында әлеу­меттік саланы жаңғырту мә­селесі де бар. Әңгімемізді осы бағытта атқарылып жатқан жұ­мыстардан бастасақ... 

– Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы кезеңіндегі басты мақсат – Қазақстанның әлемдегі ең да­мыған 30 елдің қатарына енуі. Бұл маңызды қадам әлеуметтік-еңбек саласына да бірқатар мін­деттер жүктеді. Мұның бәрі ха­лықтың өмір сүру сапа­сын жақ­сартуды көздейді. Бағыт­тардың біріншісі – еңбек нарығын жаңғырту. Осы мақсатта халық­тың жұмысқа орналасуына жәр­демдесіп, отандастарымызды еңбек нарығындағы сұранысы жоғары кәсіптерге қайта оқыту, кәсіпкерлік негіздеріне үйрету секілді жұмыстарға айрықша маңыз беріліп отыр. Азаматтарға кәсіптік-техникалық білім беру орындарында тегін оқуына жағ­дай жасалып, кәсіпті игеруде қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылуда. Осы орайда мемлекет оқуға кететін шығын­дарды өтеп, шәкіртақы төлейтін болады. Жол кіресі де төленіп, оқып жатқан азаматтарға бір реттік ыстық тамақ беріледі. Ал шалғай өңірлерде тұратын аза­маттарға оқу қолжетімді болуы үшін мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ. 

Бұл тұста министрлік қол­ға алған нәтижелі жұмыс­пен қам­туды және жаппай кәсіп­керлікті дамыту бағ­дарламасы шеңберінде бірта­лай шаруа еңсерілгенін атап өткен жөн. Мысалы, осы жылдың 7 айында жұмысқа орналастыру ша­раларының арқасында 213 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 18 мың адам, қо­ғамдық жұмыстарға 61 мыңға жуық азамат жіберілді. Ал 15 мың маман жастар тәжірибесіне жолданса, 120 мыңдай азамат жұмыспен қамту орталықтары арқылы тұрақты жұмыс тапты. 

Еңбек нарығын жаңғыртудың келесі бағыты жұмыс күшінің бір саладан екіншісіне ауысуын басқару болса, үшіншісі – үйлесімді көші-қон саясатын ұйымдастыру.

Министрлік әлеуметтік қыз­мет көрсетуді жаңғырту аясында әсіресе, өмірдің қиындығына тап болған, тағдырлы азаматтарға ерекше көңіл бөліп отыр. Ай­талық, мұндай топқа жататын азаматтар қызмет көрсету ұйымын таңдау мүмкіндігіне ие болды, ал әлеуметтік қыз­меттердің тегін көлемін алуға құқы жоқ тұлғалар үшін қоса қаржыландыру тәсілдері пайда болды. Мысалы, бұрын өзін-өзі күте алмайтын жандар, адам саудасы мен зорлық-зомбылық құрбандары, белгілі бір тұрағы жоқ адамдар, арнаулы интернат-үйлерге жіберілетін еді. Енді олардың күтімімен үкіметтік емес ұйымдар айналысады. Бүгінде 106 үкіметтік емес ұйым 6 мыңнан астам адамды қамқорлығына алды. Егер мұндай әлеуметтік көмек түрі болмаса, мемлекет қолданыстағыдан бөлек, тағы 60 интернат үйін салуға мәжбүр болар еді. 

Ендігі бір мәселе, азаматтық қоғам ұйымдары көбіне қала­ларда жұмыс істейді. Олардың қызметін кеңейте түсу мақса­тында жеке секторды осы са­ла­ға тартып, қызметтер тари­фі мен стандарттар қайта қа­рас­тырылмақ. Осылайша, на­рықтағы бәсекелестікті күшей­тіп, жұртшылыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруды көздеп отырмыз. 

– Рухани жаңғыру аясында Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асырып, тәуелсіздік жылда­рында табысқа жеткен, ерен еңбегімен көзге түскен тұлғалардың өмірбаяндарын өзгелерге үлгі ету жөнінде тапсырма берді. Осыған байланысты сіздердің де қолға алған тың бастамаларыңыз бар деп естідік...

– Әлбетте, бұған дейін қал­тарыста қалып келген 100 жаңа есімді анықтау – барлығымызға ортақ жоба. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірге құштар, ерекше ерік-жігерімен елдің сүйіспеншілігіне бөленген 5 үміткерді таңдап, арнайы құрылған комиссияның қарауына жіберді. Мысалы, сондай кейіпкеріміздің бірі – министрлік ұйымдастырған үздік әлеуметтік жобалар байқауының жүлдегері Елдос Баялышбаев. Оның тағдыры өзгеге өнеге бо­ларлық. Елдос жол апатына түсіп, мойын омыртқасын зақымдап, арбаға таңылып қалған еді. Бірақ аяқ астынан болған ауыр апат Елдостың дене бітіміне зиян келтірсе де өр рухы мен жігерін жасыта алған жоқ. Ол қиындыққа қасқая қарсы тұрып, күндіз-түні еңбектенгеннің арқасында аяғынан тік тұрды. Қазір ол осы қажыр-қайратын өзгелерге де үйретіп, төсекке, арбаға таңылған жандардың жігерін жанып, ортаға оралуына барын салып жүр. Елдос 2014 жылы «Мүгедектерді спорттық оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігін ашып, оны жемісті басқарып келеді. Сол жылы алған 3 млн теңге сомасындағы грант қаржысын арнайы жаттығу құралдарын жасауға жұмсады. Екі жылдың ішінде осы орталықтан 260-тан аса адам оңалту шараларынан өтті. Енді ол Алакөл жағалауында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы шипажайдың іргетасын қалап жатыр. 

Сондай-ақ, «Арнаулы әлеу­меттік қызметтер көрсетудің Өскемен балалар орталығы» КММ директоры Ольга Батуева мен «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Қалтаева, Астана қа­ла­сы әкімдігі жанындағы «Нұр­лы жүрек» әлеуметтік қыз­мет көрсету орталығының жетек­шісі Серік Бөпежанов пен Та­раз қаласындағы орта мектеп оқушысы, 8 айлық кезінен ауыр сырқатқа шалдыққан, бірақ өмірге деген құштарлығымен талайға үлгі болған Исаак Мустопуло сынды азаматтар да «100 жаңа есім» жобасына лайықты жандар. Мұндай тамаша азаматтар туралы да ұзақ әңгімелеуге болады.

– Мүмкіндігі шектеулі жан­дар демекші, елімізде мүге­дектердің еркін жүріп-тұруына жағдай жасау, арнайы пандустар мен автотұрақтар жа­сақ­тау секілді мәселелер қан­шалықты оңтайлы шешіліп жа­тыр?

– Қазір Қазақстанда 655 мыңға жуық мүгедек адам бар. Бұл – халықтың 3,6 пайызы. Солардың 62, 2 пайызы – еңбекке жарамды жастағы азаматтар болса, 12,5 пайызы – 18 жасқа дейінгі балалар. Оларға жағдай жасау, құқын қорғау үшін Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құ­қық­тары туралы конвенциясын ратификациялаған. Осы құжатта айтылған жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында елімізде Мүгедектердің құқық­тарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп-тұруы үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын олардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмыстары да назардан тыс қалған емес. Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жыл сайын көлік және қоғамдық орындарды бейімдеудің өңірлік карталарын жасайды. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, барлығы 30,3 мың нысан паспортталды, соның ішінде 19 мың нысанда мүгедектердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай бұрыннан жасалған болса, 12,7 мың нысанға бейімдеу жүргізілді.
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қа­лып­тастыру мақсатында әр­бір облыста өңірлік жоспар бекітіледі. Онда мүгедектердің қажеттілігіне қарай бейімдеуді қажет ететін нақты ғимараттар мен нысандардың тізбесі де көрсетілген. 

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Рес­публикасының заңында жергілікті атқарушы органдар, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк мекемелерге, ғимараттар мен үй-жайларға, әуежайлар мен темiр жол вокзалдарына, тағы басқа да ғимараттарға мүгедектер еркін кіріп-шығуы үшін жағдай жасауы міндетті деп атап көрсетілген. Сондықтан бұл заң талабын ешкім бұзуға құқы жоқ. Бұған қоса, белгілі бір нысанның құры­лысы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін халықтың жү­ріп-тұруы шектеулi топтары үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Бұл мәселе де ерекше бақы­лауға алынған. 

Министрлік БҰҰ-мен бір­лес­кен жобасы шеңберінде «Қолжетімділіктің интерактивтік белсенді картасы» порталын әзір­леп шығарды. Бұл friendlybuilding.kz порталының ерекшелігі сол, мүгедектердің ыңғайына қарай бейімделген нысандар туралы ақпаратты онлайн режімде енгізуге, нысанның қаншалықты бейімделгенін көруге, берілген мәліметтің дұ­рыстығы мен дәлдігін тексеруге мүмкіндік береді. Портал қолданушылары әрбір нысанда жүргізілген бейімдеудің сапасын бағалап, ұсыныс-пікірін қалдыра алады.

– Жаңа өзіңіз айтып кеткендей, еліміздегі мүгедек жан­дардың 12,5 пайызы – 18 жасқа дейінгі балалар. Қазақстанда мұндай жеткіншектердің күту­шісіне де жәрдемақы таға­йындалады. Бірақ бала 18 жас­қа толғаннан кейін бұл қаражат алынып тасталады. Алайда, мүмкіндігі шектеулі балалардың ішінде өздігінен жүріп-тұра алмайтын ауыр жағдайдағы жандар да бар. Олар үлкейген сайын ата-ана­сына қиын. Осыны ескере келгенде, мүгедек бала күту­шісінен жәрдемақыны алып тастау қаншалықты әділетті?

– Иә, қазіргі таңда 18 жастан асқан мүгедек жанға қараушы отбасыны (адамды) әлеуметтік қолдау мәселесі өткір тұр. Бұл мәселені кәмелет жасқа толған мүгедек баласы бар ата-аналар да белсенді көтеріп жатыр. Әрине, мүгедек балалар «ересектер санатына» өтуіне байланысты олардың жағдайы оңалып, түзеліп кетпейтінін біз де жақсы түсінеміз. І топтағы мүге­дектердің өзіне қарауға қау­қарсыздығын, жұмысқа жарамсыздығын ескере отырып, министрлік 18 жастан асқан І топ мүгедегінің күтімімен отырған тұлғаға ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде тағайындау жөнін­дегі мәселені қарады. Осыған байланысты қажетті есептеу жұмыстарын жүргізіп, Рес­пуб­ликалық бюджеттік комиссияның қарауына жібердік. Бұйыртса, 2018-2020 жылдары жоспарланған жәрдемақыны мемлекеттік медициналық-әлеу­меттiк мекемелерде (ұйымдарда) тұрған адамдарды қоспағанда, 13 980 адам алады деп болжануда.

Республикалық бюджеттік комиссияның оң шешімінен кейін 18 жастан асқан, бала кезінен І топ мүгедегіне жататын азаматқа тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мем­лекеттік жәрдемақыны енгізу заңнамалық негізде бекітілетін болады.

Әңгімелескен 
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,
 «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Арман ӘЛМЕНБЕТ. Көңіл қалтарыстарындағы үш сурет (этюдтар)

25.03.2019

Әсет Исекешев Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды

25.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

25.03.2019

Ғ. Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

25.03.2019

Nur-sultan – жаңа дәуір символы

25.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Оралхан (28.08.2017 16:19:12)

Еліміз осы бағдарлама барысында көптеп игі істер атқаруда. Бұл қуантатындай жаңалық. Осы бағдарламада латын әрпіне көшу жайлы тарихи орындар, киелі жерлер, 100 жаңа есім жайлы жобалар қарастырылып, халықтың көңілінен шығатындай істер атқарылуда.

Камила (28.08.2017 15:24:11)

Қымбат Тоқтамұрат деген журналист негізі жақсы сұқбаттар алады. Бұл тақырып қазір барлығына қызық әрі өте керек

Диас (28.08.2017 15:21:34)

Осы бағдарлама арқылы көптеген игі істер атқарылуда. Мысалы 100 жаңа есім жобасына өтініш берушілер. Олардың атқарған еңбектері бағаланады. Мүгедек жандарға қоғамда жүріп тұру үшін арнайы көліктер дайындалып, мекемелерде сауда орталықтарында арнайы лифтілермен пандустар орнатылуда.

Берик (28.08.2017 15:12:29)

Кез келген дамыған мемлекетте бұл мәселеге үлкен мән береді. Қаланың мекемерін, автобус, автобус тұрақтарын, жалпы қааның инфраструктурасын мүгедек жандарға ыңғайлы етіп салуға мән берген өкіметке рақмет. Ақырындап қойған мақсатымызға жетерміз. Ал халқымыз онсыз да үнемі көмек көрсетіп отырады.

Шынар (28.08.2017 15:09:43)

Қазақстандағы 100 жаңа есімге нақты лайықты адамдар енеді деп сенем. Ол адамды кез-келген тұрғын ұсына алады деп естігем. Оны да тағ қарастырады ғой

Рая (28.08.2017 15:04:44)

Қолға алынып жатқан мүгедек балаларға көмекті арттыру мәселесі қуантып жатыр. Оларға барынша өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасалу қажет.

Дидар (28.08.2017 15:04:08)

Рухани жаңғыру бағдарламасы арқасында көптеген жақсы игі істер атқарылуда.

Перизат (28.08.2017 15:01:34)

Күнде Елбасы мақаласына байланысты жиналыстар мен түрлі шаралар болып жатқаның естиміз. Осыған байланысты барлығын қолға алып, тынымсыз жұмыс атқарып жатқандарға алғысымыз шексіз

Марат (28.08.2017 15:01:25)

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң өз жұмысын атқарып жатыр. Мен жұмыс істейтін жерде біраз адам жұмыс ітеп жүргенін өз көзіммен көрдім. Жаңа тұрғын үйлерде де міндетті түрде пандустар бар әр подъездде. 100 жаңа есім жобасы өте ауқымды болайын деп тұрғанға ұқсайды.

Жанар (28.08.2017 14:59:17)

Дамыған 30 елдің қатарына қосылу басты мақсат болғанықтан атқарылып жатқан істерге қарасақ, ол күн де алсы емес. Барлығы да ел игілігі үшін жасалып жатқан дүниелер

Пікір қосу