Астанада Пагуош ғалымдар қозғалысының 62-конференциясы басталды

Астанада Пагуош ғалымдар қозғалысының 62-конференциясы өз жұмысын бастады. Ядролық қарусыздануға байланысты ұйымдастырылған шараға Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Исуми Накамицу, халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық корпустардың өкілдері, көрнекті саяси қайраткерлер мен қауіпсіздік саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты. 

 

Егемен Қазақстан
28.08.2017 2710
2

Сенат төрағасы өз сөзінде ядро­лық қаруға қарсы жаһандық қоз­ға­лыстағы және ядролық қаруды та­ра­т­пау тәртібін нығайтудағы Қазақ­стан­ның жетекші рөлін атап өтті. 

«Қазақстан тәуелсіздікке қол жет­кізген сәттен бері өзіне алған ха­лық­­ара­лық міндеттемелерін мүл­тік­сіз орын­дап, ядролық қауіп­сіз­дікті қамта­ма­сыз ету мен ядролық қа­руды таратпау ісіне сүбелі үлес қосып келеді. Сон­дықтан, әлемдік қоғамдастық Қазақ­станды атом бомбасына қарсы қозға­лыстың көшбасшысы ретінде таниды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Жоғарғы Палатаның басшысы халықаралық ахуалдың шиеленісуін ескере келе, Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі жалпыға бірдей дек­ларациясының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, БҰҰ-ның 2045 жы­лы ядролық қарусыз әлем орнату талабына оң бағасын берді. Қ.Тоқаев Қазақстан Президентінің жа­һан­дық ядролық текетірестің қаупі мен сұрапылдығы жөнінде ес­кер­тілген «Әлем. XXI ғасыр» ма­нифесі туралы конференцияға қа­ты­сушыларға айтып берді. 

Сенат төрағасы әлем тынышты­ғы үшін халықаралық сенім шаралары мен ынтымақтастықтың ма­ңыз­ды екеніне тоқтала келіп, бей­біт әлем қа­­лып­тастыруда БҰҰ Қауіп­сіз­дік кеңе­сі­нің рөлі ерекше екенін мә­лімдеді. Сонымен қатар, Қ.Тоқаев ыды­рағыш материалдардың өн­ді­рісін, оның пайдалануы мен жойылуына халықаралық бақылауды күшейтуге шақырып, атал­ған саланы тиімді тексеру тетіктері мен құралдарын жасауды жалғастыра беру керек екенін айтты. 

Пагуош конференциясына қатысу­шылар халықаралық ша­ра­ның тиім­ді­лігіне тоқталып, ядро­лық қарудан бас тартудың әлем ты­ныштығы үшін қа­жетті екенін мә­лімдеді.

«Ең әуелі Қазақстан Прези­де­нті­не, ел үкіметіне, Сенат төра­ға­сы­на, Сыр­тқы істер министріне осын­дай тама­ша конференция 
ұй­ым­дастыруға атсалысқандары үшін үлкен алғыс ай­тамын. Осында жи­налу біз үшін үлкен мәртебе», – деген Ғалымдар қоз­ғалысының Бас хатшысы Котта Ра­мусино ядро­лық қарусыздану мәсел­е­сіндегі Қазақстан үлесін жоғары бағалады. 

Конференция барысында ядро­лық қарудан бас тарту және оны таратпау жөніндегі бірқатар мәселелер талқыланады. Котта Рамусиноның айтуынша, Пагуош қозғалысының басты мақсаты – зұлмат қарудың көзін түбегейлі құрту. Ғалымдар қоз­ғалысының президенті Джаянт Дана­па­ла ядролық қарудан бас тарту белгілі бір топтың көздегені емес, барша адамзаттың мүддесі екенін хабарлады. 

«Бүгінгі конференция Пагуош қоз­ғалысының құрылуына 60 жыл толуы­на орай ұйымдастырылды. 1955 жы­лы Бертран Рассел мен Альберт Эйнштейн бастаған бір топ ғалым Лондонда манифес­ке қол қойған бо­латын. Сол құжат­та ай­тылған мәселелер – біздің қоз­ға­лыстың негізгі іргетасы. Ма­ни­фес­те айтылатын үш сөз бар: «Адам еке­нің­ді ұмытпа!» Осы сал­мақты сөз біздің ұранымызға айналды», – деді Джаянта Данапала.
Қозғалыс президенті Қазақстан тәуелсіздігін алған тұста ядролық қару арсеналы мол болғанына қарамастан, Мем­лекет басшысы Нұр­сұлтан Назар­баевтың одан бас тартуын көреген­дікке теңеді. Со­нымен бірге, еліміздің әлемді тол­ғандырған өзге де мәселелердің ше­шімін табу барысында ұсынған бас­тамаларына ырзалығын білдіріп, Қазақ­станның келіссөздер алаңына айналғанын мәлімдеді.

Конференция аясында бірнеше пленарлық отырыс өтті. Аталған жиын­д­ар­ға қатысқан қонақтар ядролық қару­дың зияндығы жөнінде баяндамалар жасап, одан бас тартудың күн тәртібінде тұрғанына тоқталды. Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаевтың қатысуымен өткен пленарлық отырыста Орталық Азиядағы түйткілді мәселелер мен олардың шешімі талқыланды. Ержан Салтыбаев Қазақстанның ядролық қа­ру­ды таратпау саясаты мен оның жа­һан­дық және аймақтық қауіпсіздік үшін маңыздылығы жөнінде баяндама жа­сады. 

Негізі Пагуош конферен­ция­сы­ның құрылуы драмаға толы. Данышпан ғалым Альберт Эйн­ш­тейн екінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтанар тұста АҚШ президенті Франклин Рузвельтке нацистік Германияның атом бомбасын жасауды жоспарлағанын айтып хат жазған еді. Ғалымның хаты әсер етті ме, көп ұзамай АҚШ ядролық қару жасауға белсене кірісіп кетті. Міне, жапондарды қан қақсатқан Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бомбасы мен ядролық қару жарысы осылай басталған-тұғын. Рас, өмірінің соңына таман Эйнштейн Рузвельтке хат жазғанына өкінді. Ғалым шалыс басқан қадамының орнын толтыру мақсатында «Рассел – Эйнштейн» манифесіне қол қойып, жер жаһанды атом бомбасынан бас тартуға шақырды. Аталған манифест арқылы Пагуош қозғалысының іргетасы қаланған-ды. 1995 жылы Пагуош қозғалысына және оның негізін салғандардың бірі Джозеф Ротблатқа халықаралық саясатта ядролық қарудың рөлін азайтқаны үшін Нобель сыйлығы берілді. 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 
Ерлан Омар, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Арман ӘЛМЕНБЕТ. Көңіл қалтарыстарындағы үш сурет (этюдтар)

25.03.2019

Әсет Исекешев Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды

25.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

25.03.2019

Ғ. Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

25.03.2019

Nur-sultan – жаңа дәуір символы

25.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу