Үкімет • 29 Тамыз, 2017

Сағынтаев АҚШ энергетика министрінің орынбасарымен кездесті

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэн Бруйллэтпен (Dan Brouillette) энергетика саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Сағынтаев АҚШ энергетика министрінің орынбасарымен кездесті

Кездесу барысында Қазақстанда амери­калық ірі трансұлттық компаниялармен бірлескен индустриялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды. 
Сондай-ақ, тараптар Энергетикалық се­рік­тестік бойынша қазақстандық-америкалық бір­лескен комиссия жұмысын нығайту арқылы жаңа технологиялар мен зерттеулер саласында ынтымақтастықты кеңейту келешегін қарады.