Кеше Мексика ұлттық күнін атап өтті (ЭКСПО жаңалықтары)

ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесі қала­шы­ғында Мексика Құ­ра­ма Штат­та­рының ұлт­тық күні өтті. Ме­ре­кеде сахна төріне сом­бреро киіп шыққан ги­та­рашылар мен мариачи стиліндегі музыкант­тар төл өнерлерін көрсет­ті. Сонымен қатар қазақ­стан­дық қобызшы Ақерке Тәжібае­ва мен «Preciado Ballet» би тобы­ның орын­дау­ларын­да­ғы туындылар көрермен көңілінен шықты. Концерттік бағдарламадан кейін екі елдің делегация­лары Латын Америкасы плазасына мерекелік шеру­мен барып, Мексика пави­льо­нын аралады. 

 

Егемен Қазақстан
29.08.2017 1179
2

Соңғы он жыл ішінде жылдам қарқынмен өскен Мек­сиканың энергетикалық сек­торы едәуір инвестициялар тартқан. Өткен жылы Мек­си­када өндірілген электр энер­гиясының 18 пайызы жаң­ғырмалы энергия кө­з­де­рі­нен өндірілген және ел мұ­­ны­мен тоқтамақ емес. Мем­ле­кет­тің сыртқы істер мини­стрі­­­нің орынбасары Де Икаса Гон­залез Карлостың айтуынша, Мексика ШЫҰ, ЕАЭО, ЭЫДҰ, ДСҰ сияқты өңірлік жә­­не халықаралық ұйымдарда Қазақстанның өсіп келе жат­қан беделін қолдайды. «Бола­шақтың энергиясы» тақы­ры­бы елде ЖЭК жобаларын ілгерілету, сондай-ақ, осы сек­торға инвестициялар тарту бой­ынша жүргізіліп жатқан сая­сат­пен тығыз байланысты», деген ол бұдан бөлек, Мексика энергетика реформасын өзгерту процесін жүзеге асырғанын мә­лімдеді.

«Біздің үкіметіміз энергетика реформасын өзгертудің өте маңызды процесін алға шыға­рып, жүзеге асырды десек, ар­тық айтқандық емес. Өзгеріс же­ке инвестициялар, жаңа техно­ло­гиялар мен халықаралық бәсе­ке­лестікке сектор ашу үшін конс­титуциялық негіздерді жа­ңартуға бағытталған. Мек­сика энергетикалық сек­то­ры­ның ашылуы шетелдік инвес­тор­лар­дың газ және мұнай жобаларына ғана емес, сонымен қатар ЖЭК жобаларына да назарын аударуға мүмкіндік берді», деді Де Икаса Гонзалез Карлос.

Ұлттық күннің ресми бө­лі­мінде Қазақстан тарапы­нан сөз сөйлеген Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Мексика сияқ­ты Латын Америкасы ел­де­рінің жаңғырмалы энергия көз­­дері саласындағы сая­саты мен жетістіктері басқа энер­ге­ти­ка нарықтары үшін өте құн­ды тәжірибе екенін жеткізді. «2004 жылдан бастап Латын Америкасының осы өңі­рінде жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар 11 есе өскен. Мемлекеттің жаңғырмалы энергия көздері саласындағы сая­саты мен жетістіктері басқа энер­гетика нарықтары үшін өте құн­ды тәжірибе болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесінде осы ба­ғыт­тағы тәжірибені көрсету оны қажет ететін елдер үшін аса маңызды», деді министрдің орын­басары.

«Қытайдың мейірімді жүрегі»

Шанхай ынтымақтастық ұйымының павильонында Қытай кәсіпкерлерімен ба­лалар үйі және аз қамтылған отба­сы­лардың балалары кездесті. 

Осы күні бас­талған қайы­рым­­дылық апталығы ая­сында күн сайын 20 отбасы ЭКСПО-ға барып, мектепке қажетті құ­рал-жабдықтарға ие болады. «G-Global», «EXPO-Women» ха­лықаралық ұйымы мен ШЫҰ ұйым­дастыру комитеті баста­ма­сымен қолға алынған «Қы­тай­­дың мейірімді жүрегі» атты шара өзара достықты дамытуды мақсат етеді.

«Акция барысында онко­ло­гиялық диспансер­де тір­кел­­ген көп балалы және аз қамтылған отбасылар бала­ла­ры­на көмектесеміз. ЭКСПО көр­месі ау­м­ағына экскурсия өткізіліп, ыстық та­мақ бері­ліп, мектепке қажетті құ­рал-жаб­дықтар үлестірілді. Қай­ыр­ым­дылық ап­талығында 125 жеткіншекті қуантсақ деген жоспарымыз бар. Шараға Қазақ­стан мен Қытайдың іс­кер әйел­де­рі белсенді атсалыс­уда», дей­ді «G-Global» халық­ара­лық хатшылығының төрағасы Се­­рік Нөгербеков. Ол 2019 жы­лы Қы­тайда өтетін ЭКСПО көр­месінде ұйым­дас­тырылатын дәл осындай шараға Қазақ­с­тан кә­сіп­керлері жіберілетінін айт­т­ы.

«Yufit» Қытай ғылыми-тех­ни­калық компаниясының бас ди­ректоры Лин Вэй Цзянь өз кезегінде бірлескен қайы­рым­дылық адамзаттың бейбіт дамуына септігін тигізетінін жеткізді. «Біз де осы шараға өзіміздің үле­сімізді қос­қа­нымызға қуа­намыз. Компаниямыз Жібек жо­лы елдерінің халықаралық қо­­рына 10 млн теңге бөлді. Біз Қазақ­с­тан балаларына кө­мек көрсетуді жал­ғас­тырып, дос­тық­тың тереңдей түсуіне мү­д­деліміз», деді мәртебелі мейман.

Аустрияның «ақылды қалашығы»

ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесінде өзін өзі жаң­ғырмалы энергиямен то­лықтай қамтамасыз ете­тін тұр­ғын үй кешені та­ныс­тырыл­ды. Жаңа қа­л­ашық­тың нобайы аус­трия­лық де­ле­гацияның арнайы сапары кезінде көрсетілді. Себебі, жо­­ба осы мемлекеттің ком­па­­ниясымен бірлесіп жүзе­ге асы­рылған.

Көрме жанынан бой кө­те­ретін қалашықта еуро­па­лық дизайн мен инженерия не­гізінде жасалған 200 үй тұр­ғызылады. Әр ғимаратта күн және жел энергиясын пайдалану арқылы барлық жы­луды қамтамасыз ете­тін «ақылды жүйе» енгі­зі­леді. Ал құрылыстың гео­мет­риясы энергиялық шы­ғын­­дарды барынша қыс­қар­­туға бағытталған. «Тіп­ті эко­­логиялық үйлер Астана­ның қа­қа­ған аязында да өмір сү­руге өте жайлы болады», дей­ді мамандар.

Аустрияда барлық энер­гия­ның үштен бір бөлігі жаң­ғырмалы қуат көздеріне тие­сілі. Вена қаласының «ақыл­ды шаһарлардың ондығына» енуі соған дәлел.

Топжарғандардың тосынсыйы

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығындағы амфитеатрда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұжымының гала-концерті өтті. Мәдени шарада көрермен көңіліне терең әсер қалдырған үш музыкалық кеш ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейде мойындалған музыканттар мен консерваторияның жас дарындарының орындауындағы симфониялар легі, хор, рухани әрі халықтық музыка түрлері меймандарды ерекше тебірентті.  

Кофе отанының озық жобалары

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республи­кас­ы­ның ұлттық күні өтті. Кофенің отаны саналатын мемле­кет Астана қаласында өздерінің мәдениеті мен сауда-эко­номикалық әлеуетін таныстырды. Экономикасы аса да­мымаған елдің халқы негізінен өнеркәсіппен және егіншілікпен айналысады. Экспортының 90 пайызы – ауылшаруашылық өнімдері. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – кофе. Оның басым бөлігі елдегі жабайы ағаштардан жиналады.

Эфиопия – көгілдір Ніл мен Омо өзендерінің бойында орналасқан. Сондықтан судың күшін кәдеге жаратып, гидроэлектрстансаларын орнатқан. Оның қуаты 12 мың мегаватты құрайды. «Бүгінгі таңда онда қосымша екі су электрстансасының құрылысы басталған. Сон­дай-ақ, жел электр стансасының жобасы әзірлену үстін­де. Өйткені Эфиопияда негізгі қуат көздері – су мен жел. Олардың жалпы көлемі 20 мың МВт-ны құ­райды. Эфиопия энергияны Джибути, Сомали, Судан си­яқты көр­ші елдерге экспорттайды», дейді павильон қыз­мет­кері Юлия Окружнова.

Елордаға әуе көлігімен келушілер көп

Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар тасымалы 49 пайызға артқан. ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесінің 10 маусымнан 10 тамызға дейінгі аралығында Астана-Киев (өсім 28 пайыз), Астана-Ыстанбұл (өсім 23 пайыз), Астана-Париж (өсім 21 пайыз) халықаралық бағыттары бойынша жолаушылар ағынының өскені байқалады. 

2017 жылдың маусым-шілде айларында, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ішкі бағыттар бойынша жолаушылар ағыны 107 мың жолаушыны құрап, 35 пайызға өсіпті. Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, биылғы есепті кезеңде халықаралық бағыттар бойынша қазақстандық тасымалдаушылар тасымалдаған жолаушылардың жалпы саны 381 420 адамға жеткен, орташа жүктеме 75 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінде 228674 жолаушы болса, орташа жүктеме 30 пайызға артқан.

«Эйр Астана» (Астана қаласын­да­ғы негізгі әуе тасымалдаушы) әуе ком­паниясының ақпараты бойынша, би­ыл маусым-шілде айларының де­ма­лыс және мереке күндерінде ең жоғары жүктеме Астана-Алматы (90 пайызға дейін), Астана-Атырау (86 пайызға дейін) және Астана-Шымкент (80 пайызға дейін) ба­ғыт­тарында болған. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының дерегіне сүйен­сек, халықаралық бағыттар бой­ынша маусым-шілде айларында, өткен жылдың сәйкес кезеңімен са­лыс­тырғанда, жолаушылар ағыны 49 пайызды және ішкі бағыттарда 25 пайызды құрапты.

Топтаманы әзірлеген

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

суреттерді түсірген

Ерлан Омар,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Қарағандылықтар «ҚазРобоСпорт» чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды

10.12.2018

Ежелгі металлургия іздерін Тарбағатай даласынан көруге болады

10.12.2018

Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді

10.12.2018

Д.Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия жөніндегі Аймақтық директорын қабылдады

10.12.2018

Солтүстікқазақстандық екі кәсіпкер «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпазы болды

10.12.2018

«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» республикалық ғылыми-теориялық online конференция өтті

10.12.2018

Халықаралық Олимпиада комитеті Алла Важенина, Анна Нұрмұхамбетова және Ольга Рыпаковаға медальдары қайтарады

10.12.2018

Павлодарда «Лайықты еңбек – мемлекеттің тұрақтылық негізі» форумы өтті

10.12.2018

Атыраулық дзюдошылар Конфедерация Кубогінің иегері атанды

10.12.2018

Облыста озық шыққан аудандар марапатталды

10.12.2018

Александр Журавский Мұхаммед Рабииден жеңілді

10.12.2018

Дархан Қыдырәлі The Asahi Shimbun басылымына сұхбат берді 

10.12.2018

Қызылордада жер телімдері аукционға шығарылды

10.12.2018

Қызылорда облысының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандар автокөлік сыйлады

10.12.2018

Қостанайда табиғат қорғау полицейлері киік атқан қаскөйді ұстады

10.12.2018

Сығанақ қалашығы туризмге қызмет етеді

10.12.2018

Қыздар университеті робот құрастыратын стартап жобалар жасайды

10.12.2018

«Қайраттың» екі футболшысы - әлемнің үздік ойыншысы номинациясына үміткер

10.12.2018

Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатысады

10.12.2018

Алматыда жас дзюдошылардың турнирі өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу