Кәсіпқой бокс • 29 Тамыз, 2017

Боксшы Фируза Шәріпова Қазақстанның рекордтар кітабына енді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған Фируза Шәріпова Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл туралы «QAZSPORT» телеарнасы хабарлады.

Боксшы Фируза Шәріпова Қазақстанның рекордтар кітабына енді

Сертификатты Қазақстан рекордтар кітабының Астана қаласындағы өкілі Қуандық Құдайбергенов «QAZSPORT» қонағы» бағдарламасының кезекті шығарылымын түсіру кезінде тапсырды.

Айта кетейік, кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова 26 тамыз күні жеңіл салмақтағы WIBA және WBU чемпиондық титулдары үшін өткен жекпе-жекте болгариялық Милена Колеваны жеңген болатын.

Фируза Қазақстан тарихындағы әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы қыз.