Президент • 29 Тамыз, 2017

Назарбаев МАГАТЭ-нің бас директорымен кездесті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманомен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Назарбаев МАГАТЭ-нің бас директорымен кездесті

Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің ашылуына орай елімізге келгені үшін Ю.Аманоға ризашылық білдірді.

– Бүгінгі шара – төмен байытылған уран банкін құру жөнінде көп жыл бойы бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі. Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаһандық ядролық қаруға қарсы күрес қозғалысының көшбасшысы саналатынын атап өтті.

– Біз құрамында ураны мол шикізатқа ие мемлекет ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал ететін боламыз, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің Агенттікпен ынтымақтастығы жан-жақты және берік екенін айтты.

МАГАТЭ-нің бас директоры делегацияға көрсеткен қонақжайлық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

– Бұл шара, ең алдымен Сіздің жеке қолдауыңыз бен қатысуыңыздың, сондай-ақ біздің жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында іске асып отыр, – деді Ю.Амано.

Сонымен бірге, Агенттіктің бас директоры төмен байытылған уранды сақтайтын ғимарат ашумен қатар, бұл шикізатты сатып алу және оны тасымалдау мәселелері де маңызды екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар