ЭКСПО-2017 • 30 Тамыз, 2017

ЭКСПО-2017 қалашығында Кенияның ұлттық күні өтті

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында өткен Кенияның ұлттық күнінде Өндіріс, сауда және кооператив ми­­­нистрлігі сауда департаментінің бас хат­­­шысы Крис Каптоо сөз сөйлеп, тех­но­­­логияларды пайдаланып, жобалар­ды жү­­­зеге асыру үшін қаражаттың қолбай­лау бо­лып отырғанын жасырмады. 

ЭКСПО-2017 қалашығында Кенияның ұлттық күні өтті

Ас­танадағы халықаралық көрме инвес­тор­­лар мен кә­сіпкерлер арасындағы алтын көпір деп ба­ға берген ол өз елінде судан энергия алу жақсы жолға қойылғанын әң­гі­меледі. 

«Кения 10 000 МВт құрайтын геоте­р­­мал­ды ресурстарға ие, осы уақытқа дейін оның 632 МВт кәдеге жараған. Онда орна­тыл­ған электр энергиясының қуаты 2 341 МВт құрайды. Оның ішінде су энергетика­сына 36 пайыз, термалды энер­гияға 35 пай­ыз, геотермалды энер­гия­ға 28 пайыз жә­не жел энергетикасына 1 пайыз тиесілі. Сон­дай-ақ, біз жел, геотермалды, күн және су энергетикасы сияқты жаңғырмалы қуат көз­дерінің бір­қатар ресурстарына иеміз. Су энерге­ти­касынан өзге энергия көздері толық қол­данылмаған. Аталған ресурс­тар­ды ен­гізу жә­не өңдеу инвестициялық мүмкін­дік­тер­мен қамтамасыз етіледі», деді Крис Каптоо. Оның сөзінше, ЭКСПО-2017 көр­­­месіне қатысу жаңғырмалы энергия көз­­­д­ерінің дамуына оң нәтиже береді жә­­не екі ел мен өзге де қатысушы мем­ле­­кеттер арасында ынтымақтастық қа­рым-қатынастарды жетілдіруге тың сер­пін болады. 

Жиында Қазақстан Республикасы Бі­лім және ғылым министрлігінің жауапты хат­­шысы Арын Орсариев халықаралық ма­ман­дандырылған көрменің «Болашақ энер­гиясы» тақырыбы заманауи әлем үшін өзек­ті әрі маңызды екендігін тілге тиек етті. «Кенияның ЭКСПО-2017 көр­месіне қа­тысуы қос тараптың өзара се­нім деңгейін көр­сетеді. Қазақстан Ке­ния елімен сауда-эко­номикалық бай­ланыстарды кеңейтуге мүд­делі. Мем­лекеттің ұлттық күні екі­жақ­­ты қарым-қатынасты нығайтуда жа­ңа мүм­кіндіктер ашатындығына кәміл се­не­мін», деді ол. 

Асхат РАЙҚҰЛ, суреттерді түсірген Орынбай Балмұрат, «Егемен Қазақстан»