Күрес • 31 Тамыз, 2017

Батысқазақстандық полицейлер самбодан жүлдегер атанды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«28-31 тамыз күндері Атырау қаласында өткен самбодан Ішкі істер министрлігінің чемпионатында жалпы командалық есеп бойынша Батыс Қазақстандық құрама командасы жүлделі ІІ орынға ие болды» деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Батысқазақстандық полицейлер самбодан жүлдегер атанды

Біріншілікке Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық Ұлан, еліміздің барлық облыстық ішкі істер департаменттерінен барлығы 17 команда қатысып, күш сынасқан.

Боз кілемнің шаңын қаққан аламан бәйгеде жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші бәйгені Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіп алған. Тараз қаласынан келген команда жүлделі үшінші орында.

Ақ Жайық өңірінде самбо ежелден самбо күресі жақсы дамыған. Бүгінгі бәсекеде командасын алға сүйреп, жекпе-жекте жеңісті ешкімге бермеген мықтылардың қатарында БҚО ІІД полиция қызметкерлері Айбек Ғабдешев (74 келі), Бағдат Жарылғасов (68 келі) және әйгілі Ерболат Байбатыров (62 келі) бар.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»