Қазақстан • 31 Тамыз, 2017

Астанада «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды. 

Астанада «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды

Оның аясында көрермендерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілді нұсқаларының 55 данасы ұсынылады.

Аталмыш көрменің басты ерекшелігі – Кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптардың, XVIII-XIX ғғ. жазылған түпнұсқа қолжазбалардың көрсетілуінде.

Олардың көбісі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа өзге мемлекет өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде тарту етілген. Әр кітап мұқабасының сыртқы келбеті көркемдік, зергерлік және каллиграфиялық шеберлікпен ерекшеленеді.

Ашық ғарышта, «Мир» халықаралық ғарыш бекетінде болған Құран басылымы топтамадағы ерекше жәдігерлердің бірі. Оны Мемлекет басшысына отандық ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан.