Қазақстан • 31 Тамыз, 2017

Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 қыркүйекте елордада тоғызқұмалақтан ІV Әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінен хабарлағандай, әлем чемпионатын Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Аcтана қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

«3-8 тамыз аралығында өтетін чемпионатқа әлемнің 25 елінен, атап айтқанда АҚШ, Австрия, Ауғанстан, Антигуа және Барбуда, Әзербайжан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Үндістан, Камерун, Колумбия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина, Чехия, Швейцария елдерінен спортшылар қатысады», - деп хабарлайды ведомстводан.

Әлем чемпионатына 70-тен астам спортшысы өзара бақ сынаспақ. Сайыс Астана қаласының Тәуелсіздік - Момышұлы көшелерінің қиылысындағы «IBIS» қонақ үйінде өтеді.