Қазақстан • 31 Тамыз, 2017

Павлодарда 6 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл балалары қалалық оқушылар қатарын көбейтуде. Сондықтан, қалада өткен жылдармен салыстырғанда демографиялық ахуал жақсарып, туу көрсеткіші артқаны байқалады.

Павлодарда 6 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, биыл  былтырғыдан 800-ге артқан бала санын басқа облыстар мен қалалардан, өзіміздің ауылдардан көшіп келген отбасылардың ұл-қыздарымен толыққан. Өкініштісі, ауылдан ел көше берген соң, өңірдегі ауыл мектептері 2-3 ғана оқушысымен бос қалуда. Жергілікті жұрт тұрақтамай, жаппай қалаға көше берген соң, Солтүстіктің халқын көшіріп әкелмекпіз. Облыс орталығында  44 мектеп, 81 балабақша бар. 2016-2017 оқу жылында қала мектептеріндегі оқушылар саны 38 мың болса, биыл 41 мыңға жеткен.

Білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын дамытуға бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінгені. Бұл қаражатқа 20 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, алдағы  жаңа оқу жылында оқушылар жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтармен қамтамасыз етіліпті. Мектептердегі компьютерлік сыныптар 316 компьютермен толығып, 25 мектепте робот техникасы кабинеттері ашылыпты. Ал, алдағы 2017-2018 оқу жылы облыста 13 мыңға жуық бала  1-сыныпқа барады деген мәліметтер бар.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар