Білім • 01 Қыркүйек, 2017

Маңғыстау мектептері: жылдар жетістіктерге жетелейді

1327 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Санаулы күндерден кейін балалар мектеп босағасынан аттайды. Базарлар мен дүкендерде оқу құралдарын түгендеп, мектеп формасын киіп қарап жатқан оқу­шылар... Мектептерде жөндеу жұ­мыстарының соңғы шегелері қағылып, жаңа оқу жылында оқу­шыларды есіктерін айқара ашып қарсы алуға дайын ба, оқул­ық­тардың және мамандардың жет­кі­ліктілігі қай деңгейде, өзге де бі­лім саласына қатысты мәсе­ле­лер төңірегінде зерделеп көрген едік. 

Маңғыстау мектептері: жылдар жетістіктерге жетелейді

Оқушы саны артуы мектеп құры­лыс­тарының қарқын­ды­лығын қ­а­жет етеді 

Маңғыстауда оқушылар санының ұлғаюына байланысты мектептер мен балабақшалар қажеттілігі де арт­қан. Қазіргі таңда облыста 252 мек­тепке дейінгі ұйымда 33 497 ба­ла тәр­биеленуде. Ал жаңа оқу жылын­да жалпы оқушылар саны 128 мыңға жу­­ық­таса, 16 мың бала мектеп табал­ды­­рығын жаңадан аттайды екен. Бұл өт­кен жылғы көрсеткіштермен са­лыс­т­ыр­ғанда бала саны 300-400-ге көбей­ген­дігін аңғартады. 
Осынша оқушыларды өңірде 147 мектеп қарсы алмақ. Биылғы жылы Жаңаөзен қаласында жаңадан 125 орындық жекеменшік мектеп ашылса, тағы да жергілікті және республикалық бюд­жеттен 8 мектептің құрылысына қа­ражат қарастырылған. Сондай-ақ, алдағы жылдары Ақтау қаласынан үш мектепте, Жаңаөзен қаласынан бір мектепте, Мұнайлы ауданының Ба­тыр, Атамекен ауылдарынан, Түп­қара­ған ауданының Ақшұқыр ауылынан, Бей­неудегі Абай, Алтынсарин атын­да­ғы ме­ктептер жанынан қосымша мек­­т­еп құ­рылыстарын салу көзделген. Ба­ла са­нының өсуі салдарынан өңірде 14 мек­теп бір ауысымда оқытса, 115 мектеп екі ауысыммен, 5 мектеп үш ауысыммен оқытады. Демек, өңірде мектеп же­тіспеушілігі бар. Үш ауысымды оқы­ту­ды жою мақсатында Ұлттық қор есе­бі­нен 4 мектеп, республикалық бюджет есе­бінен 4 мектеп құрылыстары бас­тал­ған. 3 мектепте күрделі жөндеу, 97 мек­тепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүр­гізілген. 

Оқушы мен мектеп мәселесі тура­лы сөз қозғағанда, айтылмай кет­пей­тін тұс – тасымал. Маңғыстау облы­сын­да мектебі жоқ 12 елді мекен бар десек, оларда тұратын мектеп жа­сындағы 373 баланың 34-і тоқсан са­й­ын интернаттарға тасымалданса, 339-ы күнделікті тасымалдануды қажет ете­ді. Апаттық жағдайдағы мектептер жой­ылған. 

Жыл сайын білім саласына бөлінетін қар­жы көлемі ұлғайып келеді – бұл көр­сеткіш 2016 жылы 47,9 млрд-ты болса, 2017 жылы 62,5 млрд-ты құрады. 

– Елбасымыз биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» Жолдауында адами капитал сапасын арттыруды күн тәртібіне қой­­ды. Ол үшін білім беру жүйесінің рө­­лін экономикалық өсудің жаңа моде­лі­н­ің орталық буынына айналдыруымыз қа­жет. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласында білім беру саласындағы ма­­ңызды мәселелерді шешудің бағ­дар­ламасын ұсынды. Ендігі бағыт-бағ­дар айқын. Мақсатымыз – ұлттық сана-сезімі жоғары, отаншыл, табысты, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ел тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарайтын тұлға тәрбиелеу, – деген бо­латын Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жа­һандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру мақсатында өт­кен маңғыстаулық педагогтардың об­лыстық тамыз конференциясында облыс әкімі Е.Тоғжанов. Биыл облыста мемлекеттік білім гранты иегерлері 2 есеге артты, яғни 2016 жылы 542 грант болса, 2017 жылы – 1053 грант, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша 2016 жылғы 158 грант биыл 446 грантқа жетті. Жаңаөзен қаласының №18 орта мектебінің 88 түлектің ішінен 41-і мемлекеттік грантқа ие болды. Би­ыл­ғы жылдан бастап дарынды балаларды қолдау мақсатында облыс әкімінің 50 білім гранты бөлінді.

Халық санының артуы – қуаныш. Мек­тептердің бос тұрғаннан гөрі, топы­рлаған баланы сыйғыза алмай, қосымша мек­теп құрылыстарын қажет етіп жа­ту­ын­ың өзі көңіл толқытады. Өңірде мек­теп сыйымдылығы, үш ауысымды жою мәселесі басты назарда тұр. 

База мен кадр

Маңғыстауда балабақша, мектеп, колледж және қосымша және арнайы білім беру ұйымдарын есептегенде барлығы 495 білім беру ұйымы бар. Мектептерді заманауи жарақтандыру – басты талап. Материалдық-техникалық базаны дамыту үшін 2017 жылы жер­гі­лікті бюджеттен 356 млн теңгеден астам қар­жы бөлініп, бірқатар мектептерге ро­боттехника алуға, химия, физика, био­логия кабинеттерін жасақтауға, ин­тер­активті тақталар алуға жұмсалған. Мек­тептердің қазіргі заманғы пән­дік кабинеттермен жабдықталуы ор­та деңгейде болса, лингафонды-муль­ти­ме­диалық кабинеттермен толық жаб­дық­талған. Барлық мектептер толықтай компьютерлендірілгенімен, жаңалауды қажет етеді, бірақ 2015 жылдан бері компьютерлер алу үшін арнайы қаржы қарастырылмапты. 

Өңірдегі күндізгі мемлекеттік білім беретін мектептерде 10696 мұғалім жұ­мыс жасайды. Соңғы үш жылда облыс бойынша 11 жаңа мектеп ашылып, 1800-ге жуық жас маман жұмысқа қа­былданған. Мектептерге қазіргі таңда 54 маман қажеттілігі бар. 

– Білім беру саласында басқа­ру­шылық құзыреттілікті дамыту мақ­са­тын­да «Білім беру саласындағы менеджмент» мамандығы бойынша бі­лім са­ласының 50 маманы Алматы ме­недж­мент университетінде 2 жыл­дық магистра­турада, 70 маман Al-Farabi Education білім беру ор­та­­­лығында 1 жылдық курста білім алу­­­да. Педагогтарды ынталандыру, әлеу­­­мет­тік қолдау және білім бе­ру ұй­ым­­дарының материалдық-тех­ни­ка­лық жағ­дайын жетілдіру мақ­са­тын­да, сон­дай-ақ педагогтардың ими­джін кө­те­ру, жас мамандарға әдіс­те­мел­ік кө­­мек көр­сету, тәжірибелі ұстаз­дар­дың озық тә­жірибесін тара­ту ма­қ­­са­тын­­да түрлі бай­қаулар өткізіліп тұ­ра­­ды, – дейді Маң­ғыстау облыстық бі­­лім бас­қар­ма­сы­ның басшысы З.Тас­те­мірова. 
Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда 572 мұғалім ағылшын тілін үйренуде және жаңа оқу жылынан бастап 300 ауыл мұғалімі жергілікті бюджет есебінен қосымша оқытылатын болады. 

Оқулықтар орнында, тамақ дайын, акция әлеуетті

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға жергілікті бюд­жет­тен 1 млрд теңгенің үстінда ақш­а­ бөлінген. Аталмыш қаржыға 2,5,7 сы­ныптардың оқулықтары және қор жи­нау циклы бойынша басқа сынып­тар­­ға жетіспейтін оқулықтар мен оқу құ­рал­дары сатып алынып, барлық аудан, қалалық білім бөлімдеріне жеткізіліп берілді. Оқулықтармен қамтамасыз ету үшін алдын ала баспалармен жұ­мыс жүргізілді. Ал жаңа оқу жылынан бастап облыста 125847 оқушыға ыс­тық тамақ беру ұйымдастырылса, 25 795 оқушы тегін ыстық тамақпен қам­тылады деп межеленген. «Менің таң­дауым – балаларға көмек көрсету!» үндеуін көтерген «Мектепке жол» акциясы аясында, яғни екі ай ішінде өңірдегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9795 оқушыға көмек көрсету жоспарланған. Қазір 1000-ға жуық балаға көмек көрсетілді. 

Маңғыстауда жаңа оқу жылына дайындық қалыпты жүруде. Білім беру саласы үнемі жаңғыруды, ізденуді қажет ететіндіктен, аталмыш саладағы жаңалықтар жыл бойы жалғаса беретіні, сол сияқты жетіспейтін тұстардың бір оқу жылының басымен шектеліп қал­май, уақытпен бірге толыға түсетіні анық. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар