Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2017

Алматы облысында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

525 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Шараға аймақ басшысы Амандық Баталов қатысып, оқушыларды, олардың ата-аналары мен ұстаздарды қуанышты сәттерімен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Алматы облысында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы мемлекеттік қолдау мен Елбасының қазақстандық өскелең жас ұрпаққа деген тұрақты қамқорлығының арқасында биылғы жылы Алматы облысында 41 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліліп жатқандығын тілге тиек етті. Оның 35-і ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болса, 24-і Білім күні қарсаңында берілгелі тұр. Соның ішінде бүгінгі салтанатты түрде ашылып жатқан №1 Рахат орта мектебі де бар екендігін атап өтті.

– Құрметті оқушылар және ата-аналар! Сіздерді шын жүректен осынау қуанышты сәттеріңізбен құттықтаймын. Жаңа мектептің қабырғасында сіздер толық мүмкіндіктеріңізді пайдалана отырып, сапалы білім алып, өз күштеріңізге сенім танытып, тәрбиелі де саналы азамат болып шығатындықтарыңызға толық сенім білдіремін. Мектептің педагогикалық ұжымыныңжұмысына табыс, жоғары көрсеткіштер мен сәттілік тілеймін, – деді Амандық Баталов.

Осыдан кейін символикалық Білім кілтін табыстау рәсімі қалыптасқан үрдіскесай мектеп директоры Бибігүл Букаеваға табысталды. Жаңа мектептің лентасы қиылғаннан кейін өңір басшысы мектептің ішіне еніп, биология кабинеті мен лабораториясын, сондай-ақ өзге де оқу кабинеттерінаралап көрді.

Білім ордасының құрылыс жұмыстарын «Жөндеу құрылыс» ЖШС жүргізді. Жобаның жалпы сметалық құны – 1,4 млрд. теңгені құрады. Мектеп екі қабаттан тұрады және 600 оқушыға арналған. Мектепте қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген физика, химия кабинеттері, акт және спорт залдары, асхана, мультимедиялы-лингафондық кабинет пен өзге де кабинеттер қарастырылған. Мектептің педагогикалық құрамында 83 мұғалім бар.