Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2017

Павлодар облысында үш тілде білім беретін мектептер саны 188-ге жетті

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу 2019 жылы енгізіледі. Білім миистрлігі дайындық кезең ретінде бұл тәжірибені педагогтар мен оқушылардың мүмкіндігін ескере отырып, биылдан бастап қолдануды ұсыныпты.

Павлодар облысында үш тілде білім беретін мектептер саны 188-ге жетті

Павлодар облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, өңірде үш тілде білім беретін мектептерді көбейту мақсатында жыл бойы нәтижелі жұмыстар атқарылыпты. Жаңартылған білім беру мазұмұнының негізгі бағыттарының бірі – үш тілде оқытуды дамыту басты назарда. Мектеп оқушыларын физика, химия пәндерін ағылшын тілінде оқытуға дайындалуда. Оқушы мектептен шыққанда әлемдік деңгейдегі бәсекелестік қабілеттілігін көрсете білуі керек. Мысалы, өткен оқу жылында пән олимпиадаларында өңіріміздің білімді оқушылары жинаған медаль саны 219-ды құрайды. Халықаралық олимпиадалардағы 48 медальдің 13-і алтын, 14-і күміс және 21-і қола. Республикалық деңгейдегі медаль саны – 171. Оның 27-сі алтын болса, 57-сі күміс және 87-сі қола.  Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерінде ағылшын тілін қолданатын Қымбат Байдарбесова, физика пәні мұғалімі Алмагүл Қабылбекова, информатика пәні мұғалімі Гүлнар Жұмаділова, биология пәні мұғалімі Гүлмира Байбекова, биология пәні мұғалімі Евгения Иванова, физика пәні мұғалімі Дарья Андрющенко сияқты тәжірибеі ұстаздар да бар екен. Жаңа оқу жылында өңірдегі 66 мектепте жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүргізіле бастайды. Ал, облыстағы 342 мектепте 5-10 сыныптың оқушылары үшін жазғы тіл лагерьлері ұйымдастырылып,7 мыңнан астам оқушы қазақ тілін, 8600 оқушы ағылшын тілін үйреніпті.

Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,