- Кеше матч алдында Қазақстан құрамасы жаңа бапкердің тұсында жаңа бір деңгейге көтерілгені туралы айттыңыз. Шын мәнінде ұлттық құрамамыздың ойынынан прогресс байқадыңыз ба?
- Білесіз бе, бұл жерде мәселе бапкерде емес ойыншылардың мотивациясында болып тұр. Біздің жағдайымызда жігіттер топта жоғарыдан көрінгісі келеді. Ал Қазақстан құрамасынан мұндай жігерді байқамадым.
- Матч осындай ірі есеппен аяқталуы керек еді деп ойлайсыз ба?
- Жоқ, олай ойламаймын. Қарсыластарымыздың кемінде бір гол соғатын мүмкіндігі бар еді. Бірақ сәттілік жолдас болмаған секілді.
- Есеп 0:2 болған тұста сіз алаңнан ойыншы алмастырдыңыз. Ойыншы жарақат алып қалды ма, әлде тактикалық тұрғыда осылай дұрыс деп шештіңіз бе?
- Бұл тактикалық тұрғыдан қабылданған шешім еді.
- Қазақстан құрамасының ойынынан ұнаған жері бар ма? Сондай-ақ, қай ойыншыны ерекше атап өтер едіңіз?
- Қазақстан құрамасын осал деп айта алмаймын. Сол қапталда және орталық шабуылда өнер көрсеткен жігіттер ұнады.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»