Бокс • 02 Қыркүйек, 2017

ӘЧ-2017. Үш қазақ боксшысы финалға шықты

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері аяқталды.

ӘЧ-2017. Үш қазақ боксшысы финалға шықты

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесі өз мәресіне жетті. Жартылай финалға шыққан алты боксшымыздың үшеуі финалға өтсе, үшеуі қола жүлдегер атанды.

Кешегі жарыс күнінде Қайрат Ерәлиев (56 кг) пен Аманқұл Әбілхан (75 кг) финалға шықса, бүгін +91 кило салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев та финалға жолдама алды. Ал Ержан Жомарт (49 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг) және Василий Левит (91 кг) жартылай финалда қарсыластарынан жеңіліп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Енді, турнирдің финалдық кездесуінде Қайрат Ерәлиев америкалық боксшы Дюк Раганпен жұдырықтасса, Аманқұл Әбілхан (75 кг) биылғы Еуропа чемпионы украиналық Александр Хижняк күш сынасады. Ал аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев финалдық жекпе-жекте 2013 жылғы әлем чемпионы әзербайжандық Магомедрасул Меджидовпен алтын жүлде үшін жұдырықтасатын болады.

Айта кетейік, дәл қазіргі уақытқа дейін бокстан Қазақстан құрамасы - 3 қола, АҚШ пен Өзбекстан боксшылары - 2 қола және Ресей, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Ұлыбритания, Үндістан, Колумбия, Армения, Эквадор, Грузия, Моңғолия, Германия, Камерун, Аустралия елінің өкілдері - 1 қола медаль еншіледі. Ал финалға кубаның - 7 боксшысы, Өзбекстан құрамасынан - 4 боксшы, қазақстандықтардан - 3 боксшы шықса, Ресей, АҚШ, Украина, Франция, Ирландия, Әзірбайжан елдерінен бір ғана боксшы алтын жүлде үшін кездесу өткізеді.

Финал жекпе-жектері 2-ші қыркүйекке жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51