Білім • 02 Қыркүйек, 2017

Бүгін Ақтөбе облысында 8 мектеп пайдалануға берілді

679 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылында Ақтөбе облысының мектептерінде 132 мың балалар оқиды, соның 16 422 - бірінші сынып оқушылары, деп хабарлайды əкімдіктік баспасөз қызметі. 

Бүгін Ақтөбе облысында 8 мектеп пайдалануға берілді

Бүгін Ақтөбе облысында 8 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ақтөбе қаласы бойынша 2 мектеп (№63, 64) Батыс-2 мөлтек ауданында ашылса, бір жаңа мектеп Нокин ауылында қосылды. Сонымен қатар  Ойыл ауданында 2 мектеп, Мұғалжар ауданында 1 мектеп, Ырғызда  1 мектеп және Шалқар ауданында 1 мектеп ашылу рәсімдері өтуде. Облыс орталығында бұрынғы ғимарат есебінен тағы бір мектеп іске қосылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс орталығының Батыс-2 мөлтек ауданында салынған 600 және 320 орындық екі мектептің құрылысы ҚР Ұлтық қордан қаржыландырылды. Жаңа мектеп Ақтөбедегі үш ауысымдағы №23 орта мектебіне жүктемені азайтып, №1,17,21,27 мектептеріндегі бала санын азайтады. Жаңадан салынған Нокин ауылындағы мектеп те сол маңайдағы Благодарный орта мектебінің үш ауысымдылығын шешуге арналған. Аудандардағы 5 мектеп тозған және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешеді деп көзделген.  Биыл Ақтөбе облысында 10 080 орынға арналған 25 білім ордасының  құрылысы жүріп жатыр.

Биылғы оқу жылында 12 жылдық білім беру жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа бағдарламамен 1, 2, 5, 7-сынып оқушылары - облысымызда барлығы 57 мың бала оқитын болады. Білім алушыларды мектеп оқулықтарымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінген.