Әлем • 03 Қыркүйек, 2017

Мәскеуде Мьянма елшілігінің алдында митинг өтіп жатыр

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәскеуде үлкен Никитский көшесінде Мьянма елшілігінің алдында митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды бірқатар ресейлік басылымдар.

Мәскеуде Мьянма елшілігінің алдында митинг өтіп жатыр

Басылымның жазуынша, мұсылман сеніміндегі ондаған адам жиналып, Мьянма әскери үкіметінің мұсылмандарды қудалауына қарсылық білдіруге шыққан. Елшілік алдында Мьянмадағы мұсылмандарға қолдау білдіруге шыққандар саны сағаттап артып барады. Олар «Аллаху әкбар» деп ұрандап, Мьянма билігін терроризм деп айыптауда. Мәскеулік құқық қорғау органдары оқиғаны жіті бақылауға алды.

Еске сала кетсек, Мьянмада буддистер мен мұсылмандар арасындағы қақтығыс салдарынан бір апта ішінде елде 402 адам қаза тауып, жергілікті тұрғындар босып кеткен. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде #arakan #rohingnya #аракан #prayforrohingya хештегтерімен мұсылмандарға қолдау, демеу мақсатында жазба қалдырып жатыр.