Президент • 04 Қыркүйек, 2017

Назарбаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Назарбаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Дональд Трамп Қазақстан Президентін Ас­тана­дағы ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­­сінің табысты өтуімен құттықтап, Аме­­­рика де­ле­гациясының осы іс-шараға қа­ты­­суының нәтижелерін жоғары баға­лады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Техас штатындағы ондаған адамның өмірін қиған табиғат апатына байланысты көңіл айтып, зардап шеккен аудандардағы инфрақұрылымның тезірек қалпына келуіне және жергілікті халықтың қалыпты тіршілікке қайта оралуына тілектестігін білдірді.
Екі ел көшбасшылары биылғы 21 мамырда Эр-Риядта өткен «Ислам әлемі – АҚШ» саммиті аясындағы алғашқы кездесудің Астана мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіндегі маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Прези­ден­тіне биылғы 10-11 қыркүйекте Аста­нада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі сам­миті өтетінін айтты.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Америка қарым-қатынасының жағ­дайын және оның даму перспективаларын талқылады. Бұл ретте тараптар екі­жақты сауда-экономика саласындағы өза­ра іс-қимылды нығайту туралы уағ­даласты.

Президенттер өңірлік және ха­лық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мәсе­лелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда биылғы 29 тамызда жұмысын бастаған Төмен байытылған уран банкінің жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы маңыздылығына назар аударды. 

Екі ел көшбасшылары Америка-Ре­сей қарым-қатынастарының жағ­дайы­на жеке тоқталды. Қазақстан Прези­ден­ті Вашингтон мен Мәскеу арасын­дағы диалогтың жақсаратынына сенім білдірді.

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары әңгіме со­ңында екі жақтың да мүдделі болатын мәселелері жөніндегі тұрақты диалогты қолдауға ниетті екендіктерін білдірді. 

Телефон арқылы сөйлесуге АҚШ жағы бастамашы болды.