ЭКСПО-2017 • 04 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017. Гондурас Республикасының ұлт­тық күні өтті

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көр­месі аясында Гондурас Республикасының ұлт­тық күні өтті. Бұл мемлекет Тынық және Атлант мұ­хиттары аралығындағы жолды жақсарта отырып, әуе және жүк тасымалымен, білікті маманда­ры­мен Орталық Америкада логистика алаңына ай­налуда. 

ЭКСПО-2017. Гондурас Республикасының ұлт­тық күні өтті

Мерекенің ресми бө­лі­гінде Гондурас Сырт­қы іс­тер жә­не халықаралық ын­­ты­мақтастық министрі Долорес Агуэро Лара Ма­рия сөз сөйлеп, елін­де жанғыш энергияны қол­дануды азайту мә­се­лелерін шешуде үл­кен жұ­­мыс атқарылып жат­қа­­нын əңгімеледі. Яғни, Гон­дурас тұтанбалы отынды жаңғырмалы энергия көздеріне алмастыр­уда. Оның айтуынша, «Бо­ла­шақтың энергиясы» ат­ты көрме тақырыбы жа­һан­дық жылыну және кли­маттық өзгеріс орын ал­ған заманда елеулі мә­се­ле­лердің қатарына кі­реді. 

«1992 жылы Риодағы Жер саммитінен бастап кли­маттық өзгеріс бойынша халықаралық шаралар қол­данылуда. 2015 жылы Па­рижде өткен климат өз­герісі жөніндегі конфе­рен­цияда адамзаттың ат­мо­сфераға парниктік газ­дар­дың шығарылымын тұ­рақтандыру қа­жет­ті­лігі атап өтілді. Мем­ле­ке­ті­мізде парниктік газ шы­ғарылымының үлесі аз, алай­да 1996-2015 жылдар ара­лығында климаттық өз­ге­рістердің жаһандық қау­іптері көрсеткіші бойын­ша еліміз әлем бойынша осал мемлекеттердің қа­тарында болды. Бүгін бар­шамыз – ұлттар мен мем­лекеттер бір-бірімізге тәу­елділігімізді түсіне оты­­рып, өзімізді және бо­ла­­шақ ұрпақты жарқын әлем­мен қамтамасыз ету үшін өзара тиімді әре­кет­тесуіміз қажет», деді До­лорес Агуэро Лара Мария.
Қазақстан тарапынан сөз алған Денсаулық сақ­тау министрінің орынба­са­ры Алексей Цой ЭКСПО-2017 көрмесі екі­жақ­ты қатынастың ны­ғаю­ына мүмкіндік бе­ре­тіндігін атап өтті. 

«Қазақстан саяси, эко­номикалық, ғылы­ми-техникалық және мә­дени салаларда, сон­дай-ақ денсаулық сақ­тау, атап айтқанда, меди­ци­на­лық сақтандыру жә­не ту­ризм салаларында ынты­мақ­тастықты ны­ғай­туға мүд­делі. Қазақстан жә­не Гон­ду­рас арасындағы дип­ло­ма­тия­лық қарым-қа­тынас 1995 жылы 28 қарашадан бастап ор­на­ды. Гондурастың ЭКСПО-2017 көрмесіне қа­­­ты­суы елдеріміз арасын­д­а­ғы екіжақты өзара ти­імді ынтымақтастықты ны­ғайтуға мүмкіндік бе­ре­тініне кәміл сенемін», де­ді вице-министр.

Гондурас – күн энерг­етикасының үлесі бойынша әлемдегі жетекші ел. «ЕNEE» энергетикалық ком­паниясының ста­тис­тикалық мәліметтері бойын­ша 2016 жылы бұл ел­де электр энергиясының 10,2 пайызы фотоэлектрлі күн электр стансаларында өндірілген. Бұл – дүние жүзі бойынша рекордтық көрсеткіш. 

Асхат Райқұл,

"Егемен Қазақстан"

Суретті түсірген Ерлан Омар,

"Егемен Қазақстан"