ЭКСПО-2017 • 04 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында жаңа әлемдік рекорд орнатылды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сі­нің аумағында кеудені жерден кө­те­ру­ден Қазақстан ақпараттық-энцик­ло­пе­диялық анықтамалығы рекордтар кі­та­бының бес дүркін рекордсмені және «планка» ұстаудан әлем рекордсмені атағының иегері Әмір Махмет шыны шөлмектерде кеудесін жерден 53 мәрте көтеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

 

Бұл – жаттығу орындалу жағынан аса күр­делі. Себебі, спортшы кеу­дені жерден көтеру барысында өз денесі мен шыны шөлмектер арасындағы тепе-тең­дікті мүлтіксіз ұстап тұруы қажет. Аталған рекорд Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Шың­ғыс Құдайбергеновтің растауымен ресми түрде тіркелді.
Әмір өз рекордын 1 қыркүйек – Білім күніне арнап, қазақстандық оқушыларға сабақ­т­а­рын тек үздік оқып, саламатты өмір салтын ұс­тануға шақырады. «Жаңа оқу жылы мектеп жасындағы замандастарыма тың серпін береді деп ойлаймын. Өйткені, үш ай бойы жалғасқан, еліміздің халықаралық аренадағы беделін бір саты көтерген ЭКСПО-2017 көр­ме­сін көзімен тамашалаған қазақстандық оқу­шы­лар аз емес. Дәл осы сәттегі жетістігімді Бі­лім күніне арнап, қатарластарымды оқуда бел­сенді болуға, бұқаралық спортқа тұрақты ат­салысуға шақырамын», деді ол.

Әмір Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан ауылында тұрады және жергілікті мектепте білім алуда.