Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017

«Егемен академиясы» іске қосылмақ

699 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бас басылымы жанынан медиа қызметкерлерге арналған оқу алаңы ашылады.

«Егемен академиясы» іске қосылмақ

«Егемен академиясы» – Журналистерге білімін шыңдауға, біліктілігін арттыруға және заманауи трендтермен танысуға мүмкіндік беретін оқу алаңы. 

«Академияда» еліміздің журналистика саласының майталмандарымен қатар салалық тақырыптар бойынша мамандар білімімен бөліседі. Жобаның мақсаты - қазақтілді басылым қызметкерлерінің білімін арттырып, салалық журналистикаға бейімдеу, сондай-ақ өзекті тақырыптар төңірегінде талқылау алаңын кеңейту.

«Ғасырлық тарихы бар «Егемен Қазақстан» қазақ баспасөзінің қарашаңырағы ретінде келелі мектеп қалыптастырғаны белгілі. Осы игі дәстүрді жаңа деңгейге шығарып, журналистердің білімі мен біліктілігін арттыру ісін жүйелі жолға қою үшін бас басылымның жанынан «Егемен академиясын» ашып отырмыз.  

Семинар, лекция, дөңгелек үстел сияқты түрлі форматта өтетін Академия сабақтарында қазақ журналистикасының көрнекті тұлғалары мен заманауи медианың қыр-сырын меңгерген білікті мамандар сіздің кәсіби тұрғыдан шыңдалуыңызға өз үлесін қосатын болады», – деді басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Семинар курстарына жазылып, еліміздің бас газетінде біліктілігін арттырғысы келетін әріптестерге есігіміз әрдайым ашық. Тіркелу үшін www.academy.egemen.kz сайтына өтуіңізді сұраймыз.