Парламент • 05 Қыркүйек, 2017

Жаңартылған құраммен жұмысқа кірісті

256 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен Парламент Сенатының жалпы отырысы өтіп, онда жаңадан сайланған және тағайындалған депутаттар ант бердi. Сондай-ақ, палата бюросының ұсынуымен Сенаттың тұрақты комитеттерінiң төрағалары мен мүшелерi сайланды.

 

Жаңартылған құраммен жұмысқа кірісті

Жиынды ашқан Сенат Төр­ағасы «Еліміздің өркендеуі мен хал­қымыздың игілігі жолында де­путаттық корпус Үкімет­пен тығыз байланыста жұмыс жүр­гізіп, Елбасы белгілеген мін­дет­терді орындауда, заңнамалық жа­ғынан дер кезінде және сапалы қамтамасыз етеді деп сенемін», деді.

Содан кейін жаңадан сай­ланған 16 депутат пен Президент тағайындаған 4 депутат ант бердi. Өз кезегінде Төраға Қ.Тоқаев осы кезге дейін Парламент Се­­на­тында 6 тұрақты комитет қа­лыпты жағдайда жұмыс іс­теп кел­гендігін және оның саны мен атауын өзгертпей-ақ, жұ­мыс­ты жалғастыру жөнінде ұсы­­ныс білдірді. «Қазақстан Респуб­­ликасы Парламентінің коми­­теттері мен комиссия­лары тура­лы» Қазақстан Респуб­лика­сы Заңының 3-бабына және Қа­зақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенаты Регламентінің 106-тармағына сәйкес, Сенатта ал­ты тұрақты комитет құрылатын болады. Алайда, біз бүгінге де­йінгі комитеттердің тиісті дең­гейде жұмыс жүргізгенін ескере отырып, олардың саны мен атауын өзгеріссіз қалдырсақ деген ойдамыз», – деді Сенат спикері.

Қ.Тоқаевтың бұл ұсыны­сы депутаттар тарапынан бір­ауыз­дан мақұлданды. Сөйтіп, депутаттардың ашық дауысқа салу әдісі арқылы Консти­ту­ция­лық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары коми­тетіне Георгий Ким, Қар­жы және бюджет комитетіне Оль­га Перепечина, Халықаралық қа­ты­настар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетіне Дариға Назарбаева, Экономикалық сая­сат, ин­новациялық даму және кәсіп­­­керлік комитетіне Асқар Бей­­сен­баев, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне Бір­­ғаным Әй­ті­мова, Аграрлық мә­селелер, таби­ғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне Жеңіс Нұрғалиев жетекшілік ететін болды.

Сондай-ақ, күн тәртібінде қа­ралған мәселелердің бірі ретінде жаңа конституциялық өкілет­тіктеріне сәйкес сенатор­лар ал­ғаш рет Қазақстан Респуб­лика­сын­дағы Адам құқықтары жөнін­дегі уәкіл қызметіне Асқар Шәкі­ровті сайлады.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Ерлан ОМАР,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар